Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл құнды мұралар «Архив — 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды.
— Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген. Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды, — деп атап өтті ведомство.
Сол жылдары «Известия» газетінде жарияланған Н. Изгоевтің мақаласында:
— Казахи привезли такое искусство, которое близко и понятно не только казахскому народу — оно понятно всем… В протяжных казахских песнях мы слышали голос ковыльных степей, — деп жазылған.
Тарихи жазбалар 2024 жылы ресми түрде ҚР Ұлттық архивінің қорына енгізілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық және Орталық мемлекеттік архивтерге «ұлттық» мәртебе берілмек.