Салтанатты іс-шара барысында Алматы облысының мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Асқар Тойчубеков төтенше жағдайда ерлік пен жанқиярлық танытқан қызметкерлер мен еріктілерге алғыс білдірді.
— Бұл марапат — сіздердің кәсібиліктеріңіздің, жанқиярлықтарыңыздың және отансүйгіштіктеріңіздің айқын дәлелі. Қиын сәтте күш біріктіріп, апаттың салдарын дер кезінде тоқтата білдіңіздер, — деді ол.
Арнайы тізім бойынша үздік қызметкерлерге марапаттар табысталды.
Еске салайық, бұған дейін Алатау қаласының қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.
Сенбі күні полигонындағы өрт оқшауланған болатын.
Бүгін Алатау қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді.