Жаңа маусымда қазақстандық команда сәтті бастаған еді. Елордада өткен төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Бір ойында бүгінгі қарсыласы — «Динамоға» 1:3 есебімен есе жіберген еді.
Қазақстандық команда сол кеткен есені қайтаруға тырысты. Қарсыластар алғашқы минуттан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Соған қарамастан бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай жатты.
Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Динамо» жеңіс голын соқты.
Енді елордалық клуб алдағы төрт ойынын Астанада өткізеді. Алдымен 25 қазанда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасын қабылдаса, одан кейін 27 қыркүйекте «Сибирь» (Новосібір), 29 қыркүйекте «Адмирал» (Владивосток), 1 қазанда «Локомотив» (Ярославль) командаларымен кездеседі.
Екі команда бұған дейін 34 мәрте кездескен. Оның 14-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.