— Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Америка Құрама Штаттарымен ықпалдастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. АҚШ еліміздің негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. Президент Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Мемлекет басшысы елімізде америкалық бизнес үшін энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларында үлкен мүмкіндік бар екенін жеткізді, — делінген хабарламада.
Говард Латник Құрама Штаттардың Қазақстанмен сауда-экономикалық, индустриалдық, көлік-логистикалық және инвестициялық салаларда бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға қызығушылық танытатынына тоқталды.
АҚШ Сауда министрі Говард Латник біздің Президентпен жүздескеніне өте қуанышты екенін, бірлесіп, көп жұмыс атқаруға ниетті екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін америкалық Wabtec компаниясымен бірқатар келісімге қол қойылды.