Қыркүйек айының басында Google Chrome браузеріне жаңа батырма енгізді. Ол білім беру сайттарында автоматты түрде шығып тұрады. Бұл функция Google Lens технологиясын пайдаланып, экрандағы тест мазмұнын сканерлейді және жасанды интеллект арқылы жауаптар ұсынады — тіпті емтихан кезінде де.
Алайда бұл жаңалық бірден университеттер тарапынан теріс реакция тудырды. Мысалы, Эмори университеті, Алабама университеті, Калифорния университеті (Лос-Анджелес және Беркли кампустары) секілді жоғары оқу орындарының профессорлары бұл функция студенттердің емтихандарда оңай көшіріп алуына мүмкіндік береді деп алаңдаушылық білдірді.
— Google академиялық адалдықты бұзып жатыр. Жасанды интеллектіні студенттерге емтихан кезінде еркін қолдануға итермелеуде. Осы арқылы Google оқытушыларды AI қолдануды бақылаудан бас тартуға мәжбүр етпек. Chrome браузері студенттердің мінез-құлқын өзгерте алатындай кең қолданысқа ие, және Google-дың мақсаты — дәл осы, — дейді Ұлыбритания Технология институтының кітапханашысы Иэн Линклеттер.
Google компаниясының өкілі Крейг Эвер былай деп жауап берді:
— Студенттер бізге визуалды түрде үйренуге көмектесетін құралдарды бағалайтынын айтты. Сондықтан біз Chrome арқылы Lens-ке жеңіл қол жеткізу жолдарын сынақтан өткізіп жатырмыз. Біз білім беру саласының өкілдерімен тығыз жұмыс істеуді жалғастырамыз.
Мектептер бұл функцияны Google for Education арқылы сөндіре алады. Бірақ университеттерде, студенттер жиі жеке құрылғыларды пайдаланатындықтан, бұл мүмкіндік онша тиімді емес.
Еске сала кетейік, бұған дейін Google Ұлыбританияға 5 млрд фунт стерлинг инвестиция салатынын жазған едік.