Берік Серікұлы 1980 жылдың 1 ақпанында Шымкент қаласында туған, қазақ, білімі жоғары.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — құқықтану, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат.
Еңбек жолын 2001 жылы Прокуратура органдарында бастады.
2010-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі болды.
2023 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында еңбек етті.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалғанын жазған болатынбыз.