Жаңалықтар

Павлодар қаласында тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Павлодар қаласы әкімінің қаулысы негізінде 22 қыркүйектен бастап облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосу басталды.

— Ең алдымен, жылу бекітілген кестеге сәйкес жылуды қабылдауға толық дайын үйлерге беріледі. Бұл үдеріс бүкіл қала бойынша жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін біртіндеп жүргізіледі, — деп хабарлады «Павлодарэнерго» компаниясынан.

Бұған дейін Павлодар қаласында әлеуметтік мекемелер 10 қыркүйектен бастап орталық жылу көзіне қосыла бастағанын хабарлағанбыз. Шаһарда 300-ге жуық әлеуметтік мекеме орналасқан.

Екібастұз қаласындағы жер үйлерге де жылу сол уақыттан беріле бастаған.

Добавить комментарий