Павлодарда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғынын ұстады.
– Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденген. Белгілі болғандай, ұсталғандар бұрын «қылмыстық ықпал ету ұйымында» болып, бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдардың ортасында жүрген. Қазіргі уақытта екі күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, сондай-ақ олардың өзге қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Еске сала кетейік, Жетісу облысында ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.