Ең бастысы индикаторлар толығымен автоматтандырылған. Яғни, қосымша қағазбастылық жоқ. Барлығы ресми түрде тіркеліп отырады. Айта кетейік, қаража тек дәрігерлерге ғана емес, учаскелік медбикелер мен фельдшерлерге, сонымен қатар, жүкті әйелдермен жұмыс істейтін әйелдерге де қарастырылған.
Сарапшылардың сөзінше мұндай төлемдер ерекше еңбек жағдайында жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерін ынталандырып, сапалы қызмет көрсетуге серпін береді.
– Бұның барлығы емханадағы дәргілерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қарастырылған. Себебі емханада істейтін мамандардың жұмысы физикалық әрі психикалық тұрғыда өте ауыр. Бұлай дейтініміз, соңғы уақытта созылмалы емес және созылмалы-жұқпалы ауру саны көбейді. Ынталандыру компонент жүйесі 2011 жылы енгізілген болатын. Содан бері бұл жүйе жетілдірілген жоқ. Мәселе биыл тағы да қолға алынып отыр. Негізгі мақсат – емхана қызметкерлерін ынталандыру, — дейді Жанар Ботагарина.
Ал жаңа жүйе қалай жұмыс істейді? Қызметкерлердің жұмысы қалай бағаланады? Студия қонағы бұған қатысты былай деп жауап берді.
– Жалпы бағалау жүйесінің ең жоғарғы ұпайы – 7 балл. Қызметкер соны 100 баллға дейін жеткізуі керек. Оны қалай жинау керек? Мысалы, аймақтық топты алайық. Олардың өздерінің учаскелік топтары болады. Тізімге тек қана дәрігерлерг ғана емес медбикелер мен фельдшерлер де кіреді. Егер олар өз аумағы бойынша жүктелген міндеттемелерді уақытылы орындап, тиісті талаптарды толық орындаса, қосымша төлем алуға мүмкіндік туады. Ал бұл жұмыстар толығымен автоматтандырылған. Әр қызметкердің атқарған жұмысы арнайы жүйеде тіркеліп тұрады. Сол арқылы басшылық ұпайларын есептейді. Бірініші 25%-ы қант диабетімен ауыртындарға көмек көрсету, екінші 25 % жолдама беру, үшіншіден сол учаскеде ана өлімі мен бала өлімі болмау керек және аудиологиялық скрининг. Жаңа туған балалардың есту қабылетін тексеру де 25 %. Соның барлығы 100 балл болады. Жоғарыда айтылған әр балл 4,5 АЕК-тен (1 АЕК – 3 932 тг) тұрады, — деді терапевт-дәрігер.
Айтпақшы, жаңа ынталандыру жүйесі ауылдық жерлерде еңбек ететін медицина қызметкерлеріне де қатысты. Барлығына қойылатын талап бір. Тек, балл жинау мерзімінде айырмашылық болуы мүмкін.
– Әр аймақтағы, әр учаскедегі тіркелген адам саны мен ауру түрлері әртүрлі. Мәселен, егер бір аумақта қарт кісіолер саны көп болса, туу жасындағы әйелдер саны көп болса, сәйкесінше сол аймақ көбірек балл жинайды. Ал, енді басқа бір құрылымның емделшілері аз болса, онда әрине балл жинау мерзімі ұзаққа созылады, — дейді Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарушы директоры Жанар Серікқызы.
Айта кетейік, бұл жүйе жалпы тәжірибелік дәрігерлердің мәртебесі көретуге жол ашады. Әрі қызмет көрсету сапасын арттыруға серпін береді,-дейді сала мамандары.
Бұған дейін, созылмалы аурулардың алдын алған дәрігерлерге сыйақы берілетінін хабарлаған болатынбыз.