Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 19 қыркүйекте билікті асыра пайдалану және мемлекеттік органдарға кедергі жасау істерін қарайтын Сеул орталық аудандық сотына шағым түсірген. Оңтүстіккореялық БАҚ-тың хабарлауынша, қаңтар айында Юн Сок Юл президенттің қауіпсіздік қызметіне өзін тұтқындауға жол бермеуді тапсырған көрінеді.
— Кепіл туралы өтініш бойынша тыңдау күні әлі белгіленген жоқ. Юн Сок Ёль 2024 жылдың 3 желтоқсанындағы әскери жағдайға байланысты бүлік ұйымдастырды деген айыппен 10 шілдеден бері қамауда отыр. Сәуірде Конституциялық сот оны биліктен шеттеткен», — делінген хабарламада.
Юн Сок Ёль президент кезінде алғаш рет қаңтар айында бүлік шығаруға қатысты қылмыстық тергеу аясында тергеу изоляторына қамауға алынған. Сот прокурорлар ресми айыптауды бірнеше сағатқа кешіктірді деген шешім шығарғаннан кейін оны наурыз айында босатқан.