— Антициклон жотасы Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. ҚР қалған аумақтарында оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер найзағай мен жаңбыр әкеледі, солтүстік өнірлерде бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте — шаңды дауыл, солтүстікте — дауыл, түнгі және таңертеңгі уақытта — тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Түнде Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Сондай-ақ Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында да төтенше өрт қаупі күтіледі.
Мұндай жағдай Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында күтіледі.
Сонымен қатар Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.