Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмхананың сорғыш жүйесінен түтін шығып, ұшқын атқылағаны байқалған.
— Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында подъезден 31 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
ТЖМ төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.
Осыдан бұрын Астанада да тұрғын үйдегі кафе өртеніп, 8 пәтер тұрғындары зардап шеккені туралы жазғанбыз.