Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қазақстан астанасындағы концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа 45 елден 12 000-нан астам турист келген.

Кешті ұйымдастырған «Астана Концерт» компаниясы шараға «Total White» дресс-кодын жариялады. Бұл концертке бірлік пен стиль атмосферасын сыйлады.
Концерттің басталуы бір жарым сағатқа кешіккеніне қарамастан, көрермендер сүйікті әншілерін өте жылы қарсы алды. Топ мүшелері қазақ тілінде алғыс айтып, көрермендерге ризашылығын білдірді.

Жанкүйерлер музыканттарға гүлдер мен дәстүрлі шапандар сынды сыйлықтар тарту етті.
Концертке мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Бұған дейін Астана халықаралық әуежайында әлемдік поп-сахна аңыздарын әуежай қызметкерлері «Everybody» хиті әуеніне билеп қарсы алған болатын. Бұл ерекше сәттің видеосын топ мүшесі Ник Картер Threads желісіндегі парақшасында жариялады.
Еске сала кетейік, Backstreet Boys тобының концерті 19 қыркүйекте Алматыда да өткен еді.
Кейіннен Backstreet Boys тобының мүшесі Александр Джеймс Маклин Қазақстан жайлы алғашқы әсерімен бөлісті.