ТЖМ мәліметінше, 28 сейсмостанциядан құрылған автоматтандырылған ерте ескерту жүйесі (АСРО) Алматыда 2023 жылдан бастап іске қосылған.
– Алғаш болып оқиғаны тіркеген станция — Ақжардағы станция болды. Алынған деректер негізінде жүйе MasAlert-ке сигнал жіберіп, содан кейін ресми хабарлама таратылды, — делінген ведомство жауабында.
Министрлік АСРО мен MasAlert жүйесінің интеграциясы бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады.
– Мамандар ақпарат беру және аналитикалық алгоритмдерді жетілдіру жұмыстарын жүргізуде, бұл қауіпті сейсмикалық оқиғалар кезінде халықты дер кезінде хабардар етуге, сондай ақ нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлады ТЖМ.
Еске салайық, Алматы маңында жер дүмпуі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді.
Сондай-ақ ТЖД басшысы Алматыда афтершок қаупі туралы мәлімдеме жасады.