ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 21 қыркүйек Астана уақытымен 16 сағат 25 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 с.е., 76.824 ш.б.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 9 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитуда MPV – 3.8.
Есептік қарқындылығы (балмен): сезілмейді.
Алматы қаласының аумағында дүмпу сезілген жоқ.
– «Masalert» жүйесі автоматты түрде хабарландыру таратты, — деп хабарлады ТЖД.
Еске салайық, бұған дейін алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келгенін жазғанбыз.
Сондай-ақ осыдан біраз уақыт бұрын MasАlert жүйесі магнитуда 5,5 балдан төмен кезде іске қосылуы мүмкін екені хабарланған еді.