ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, арнайы тексеріс барысында өткізу бекеттерінің инфрақұрылымы тексерілді. Атап айтқанда, автокөлік қозғалысы аймақтарына, тексеру алаңдарына, азаматтар мен қызметкерлерге арналған ғимараттар мен құрылыстарға толықтай шолу жасалды.
-Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша бірқатар бекетте Ресей Федерациясына қарай баратын орта жолда көлік құралдарының, әсіресе жүк көліктерінің жиналып қалғаны байқалды. Өз кезегінде ол шекарада кезек қалыптасып, Қазақстан жағының да өткізу мүмкіндігін төмендетіп, қосымша шығынға ұшырататыны белгілі,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар жағдайдың бұлайша қалыптасуына Ресей Федерациясы тарапынан да бақылау шараларының күшейтілгені ықпал етіп отырғаны белгілі болды.
— Нақтырақ айтқанда жүктерді тексеру процедуралары күшейтіліп, көлік құралдарын тексеру мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ құжаттарды және санитариялық және фитосанитариялық талаптарды орындау бойынша қосымша шаралар қолға алынған, — деп түсіндірді ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Осыған дейін Ресеймен шекарадағы павлодарлық өткізу бекеттерін жаңарту жұмыстары басталғаны туралы жаздық,