Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қалған аумақта оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында және Алматы облысының солтүстігінде, орталығында да төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.