Бұл конференция Қырғызстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты Өкілдігі мен ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы) бірлесіп ұйымдастырған «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО: Әлемді біріктіретін ортақ мұра» атты іс-шара аясында өтті. Конференцияда Айтматовтың өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, дипломаттар, оған мәдениет қайраткерлері және халықаралық қонақтар қатысты.
Қырғызстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі Садык Шер-Нияз фильмнің мақсаты Айтматовтың мәңгілік мұрасын көрсету екенін айтты.
Парижде өткен бұл шара Айтматовтың жаһандық, мәдени естелік пен адамгершілік қадір-қасиет туралы мәңгілік мұрасы дәріптелді. Түркияның ЮНЕСКО-дағы өкілі Гүлнұр Айбет оны «XX ғасырдың ең ұлы дауыстарының бірі» деп атады.
— Бұл фильм мені үйге оралғандай сезіндірді. Айтматов әрдайым адам, еңбекші мен аналар туралы айтатын. Біз оның қалдырған мұрасымен мақтана аламыз, — деді ол.
Ал ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев оны «халықтар арасында көпір салған гуманист. Айтматов Орталық Азияны әлемге ашты» деп мадақтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркия Индонезияға 48 отандық жойғыш ұшағын экспорттайтыны туралы жазғамыз.