Америкалық көшбасшы бұл туралы Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.
— Мен көптеген басшылармен кездесемін, шамамен 20. Барлығы кездескісі келеді, біз олардың кейбірімен кездесеміз, — деді ол.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясында басты шаралар 23-27 және 29 қыркүйекте өтетін жалпы саяси пікірталастар болады деп күтілуде. Осы кезеңде барлығы 195 делегация сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп жұмыс визасының төлемін 100 000 долларға дейін көтергенін жазған едік.