Бүгін таңертең «Формула-2» спринті өтті, оған 11 команда қатысты. Жеңімпаз атанған швед спортшысы Дино Беганович TGR командасынан болды. Алдыңғы күні бірінші жаттығу сеансында Алекс Данн үздік нәтиже көрсетсе, сынақ квалификациясында Джек Кроуфорд (DAMS) алда тұрды.
«Формула-1» сериясында бүгін үшінші жаттығу сеансы өтті, оған 10 команда қатысты. Пилоттар бір сағат бойы алты шақырымдық айналымдардан өтіп жарысты. Үздік нәтиже «Макларен» командасының қатысушысы Ландо Норриске тиесілі болды.
Бүгін «Формула-1» квалификациясы да өтті, бірақ үшінші кезеңдегі бірнеше апаттарға байланысты тоқтатылды.
Біріншіден, Алекс Албонның (Atlassian Williams Racing) болиді тосқауылға соғылды. Одан кейін «Макларен» пилоты Оскар Пиастри үшінші бұрылыста апатқа ұшырап, көлігін зақымдады, бірақ аман қалды.
Кейін Шарль Леклер (Ferrari) де тосқауылға соғылып, Бакуде бесінші рет қатарынан квалификацияны жеңу мүмкіндігінен айырылды.
Қызыл ту Нико Хюлькенбергтің (Sauber) төртінші бұрылыстағы апатынан кейін де көтерілді.
Квалификация қорытындысы бойынша үздік уақытты «Ред Булл» командасының қатысушысы Макс Ферстаппе көрсетті.
Әзербайжан Гран-приінің аяқталуына дейін бірнеше маңызды жарыстар қалды, оның ішінде негізгі жарыс күні де бар.
Айта кетейік, Әзербайжан Гран-приі 2016 жылдан бері Баку қаласында өткізіліп келеді, жақында жарысты 2030 жылға дейін өткізу келісімі жасалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Әзербайжан астанасы 2025 жылы «Формула-1» Гран-приін тоғызыншы рет қабылдайды.