Ведомство мәліметінше, бұл ереже, әсіресе, орнату кезінде талаптар мен стандарттар сақталмаған LED-шамдарға қатысты.
Неліктен бұл қауіпті?
- Қарсы бағыттағы жүргізушілерді шағылыстырады — дұрыс бағытталмаған жарық түнде басқа жүргізушілердің көзін шағылыстырып, қауіп тудырады.
- Жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін — апаттар мен жаяу жүргіншілерді қағып кету қаупін арттырады.
- Көлік пайдаланудан шеттетіліп қалуы мүмкін — көлікті уақытша айып тұрағына қоюға дейін апаруы ықтимал.
Заң не дейді?
— Көліктің қауіпсіздігіне қатысты кез келген құрылымдық өзгеріс келісіліп, тіркелуі керек. LED-шамдарды өз бетімен орнату немесе фараларды өзгерту — заңсыз қайта жабдықтау болып саналады, — деп ескертті полиция департаменті.
Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
•айыппұл,
•заң бұзушылықты жою талап етіледі,
•көлік айып тұрағына жіберілуі мүмкін.
Қашан LED-шамдар қолдануға рұқсат етіледі?
Егер:
•көлік зауыттан LED-жарықпен шықса,
•орнатылған шамдар сертификатталған және өндіруші белгілеген талаптарға сай болса,
•қайта жабдықтау арнайы сараптамадан өтіп, полиция органдарында тіркелсе.
Жүргізушілерге кеңес
•Қауіп пен шығынға ұрынбау үшін рұқсат етілмеген шамдарды орнатпаңыз.
•Егер жарықты жақсартқыңыз келсе — тек сертификатталған, рұқсат етілген шешімдерді қолданыңыз.
•Инспектор тоқтатқанда, заңсыз орнатылған шамдарды алып тастау мен хаттама жасауға толық құқылы.
— Мәселе LED технологиясында емес, оны өз бетімен, сертификатсыз орнату — жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіріп, заң бұзушылық болып саналады, — деп түсіндірді облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін СҚО-да қылмыстық топқа қамқорлық жасаған полиция майоры сотталғанын жазғанбыз.