— Компания бұл адам үкіметке жылына 100 000 доллар төлеуге тұрарлықтай құнды ма, жоқ әлде ол еліне қайтып, оның орнына америкалықты жалдаған жөн бе — соны шешуі керек, — деді АҚШ-тың сауда министрі Говард Лютник журналистерге берген түсініктемесінде.
H-1B визасы ірі технологиялық компаниялар арасында танымал. Олар бұл визаны шетелден білікті мамандарды жұмысқа тарту үшін пайдаланады. Бұған дейін виза алу үшін төленетін әкімшілік алым шамамен 1500 долларды құрайтын.
Өткен жылы H-1B бағдарламасы аясында мақұлданған өтініштердің 71%-ы үндістандық азаматтарға тиесілі болды. Үндістанның Сыртқы істер министрлігі бұл шараның «отбасылардың ажырауына алып келетін гуманитарлық салдары болуы мүмкін» деп алаңдаушылық білдірді.
БАҚ-тың хабарлауынша, Amazon мен Microsoft компаниялары жаңа нұсқаулар шыққанша H-1B визасымен АҚШ-та жүрген қызметкерлеріне елден шықпауға кеңес берді.
Сол күні Дональд Трамп тағы бір жарлыққа қол қойып, шетелдіктерге 1 миллион доллар төлеген жағдайда «Trump Gold Card» деп аталатын АҚШ-та тұрақты тұруға рұқсат (Green Card) алу мүмкіндігін берді.
Осыған дейін АҚШ соты Трамптың New York Times газетіне қарсы шағымын уақытша кейінге қалдырғанын жазған едік.