• kk
  • ru
  • Астанада Backstreet Boys концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады

    👁 56

    Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.

    Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады. 

    • «Астаналық цирк» автотұрағы;
    • «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
    • «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
    • Орталық саябақ автотұрағы;
    • «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.

    Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Backstreet Boys концертінде 2,5 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін жазғанбыз.