Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі.
Жұбаныш белдесуінде Жадыраев украиналық Игорь Бычковты 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді отандасымыз венгриялық балуан Роберт Фричпен қола медальді сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Демеу Жадыраевтың әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысатынын хабарлаған едік.

