• kk
  • ru
  • Албанияның ЖИ министрі парламентте алғаш рет сөз сөйледі

    👁 55

    Премьер-министр Эди Рама ботты өз үкіметінің ашықтық пен инновацияға ұмтылуының символы ретінде таныстырды. 

    — Мен мұнда адамдарды алмастыру үшін емес, оларға көмектесу үшін келдім. Иә, менің азаматтығым жоқ, менде жеке амбициялар мен мүдделер де жоқ, — деп мәлімдеді бот парламентке арнаған сөзінде. 

    Алайда оппозициялық депутаттар ЖИ ұйымы тарихи төртінші мерзімге билікке оралған Раманың нашар басқаруын жасыру үшін жасалған түтін экраны болғанын мәлімдеп, ашуланды.

    — Шындық мынада — Эди Раманың «Диелласы» — насихаттық қиял. Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыс — бұл шындық. Диелла — бұл көрініс емес, үкімет күнделікті жасайтын орасан зор ұрлықтарды жасыратын виртуалды қасбет, — деп мәлімдеді оппозициялық Демократиялық партияның депутаты Газмент Барди.

    Өткен аптада Албанияда мемлекеттік сатып алуларды қадағалайтын жасанды интеллект-министр қызметке кірісті. Ол Diella деп аталады (албан тілінде «күн» деген мағынаны білдіреді). https://kaz.inform.kz/news/alemde-tungish-zhasandi-intellekt-ministr-albaniyada-tagayindaldi-b6e7aa/

    Жасанды интеллекттің аватарында дәстүрлі албан киіміндегі жас қыз бейнеленген.

    Премьер-министр Эди Раманың айтуынша, Албания мемлекеттік тендерлері 100% сыбайлас жемқорлықтан арылған елге айналады. Барлық мемлекеттік қаражат ашық әрі толықтай бақылауда болады.

    Жасанды интеллект Diella албан халқын жақсы таниды. Ол қазірдің өзінде ұлттық электронды мемлекеттік қызметтер жүйесі — e-Albania-ны басқарып отыр.

    Бұған дейін Қытай энергетика саласына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізуді жеделдету жоспарын ұсынғанын жазған болатынбыз.

    Айта келейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Энергетика министрлігі электр және жылу желілерінің жай-күйін диагностикалауға арналған заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.