Бұл бастама туралы елдің өнеркәсіп және технологиялар министрі Мехмет Фатих Каджыр мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаның мақсаты – жасанды интеллект, қорғаныс өнеркәсібі, химия және металлургия секілді стратегиялық салалар үшін тұрақты, көміртексіз және үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету.
«Біз ядролық энергетикада өз жолымызды қалыптастырамыз. Бұл жай ғана энергетика мәселесі емес, бұл – тәуелсіздік, технологиялық қуат пен тұрақты даму мәселесі», – деді министр.
Жаңа бағдарлама аясында зерттеу орталықтары құрылып, мамандар даярлау, өндірістік база дамыту және қауіпсіздік пен экология саласындағы заманауи шешімдерді енгізу көзделген. Жобаны мемлекеттік құрылымдармен қатар жеке сектор, университеттер және технологиялық стартаптар жүзеге асырады.
Айта кетейік, қазір Түркия Ресейдің қатысуымен елдегі алғашқы атом электр станциясы — «Аккую» жобасын іске асырып жатыр.
Ал жаңа бағыт ұлттық технологиялар мен жобалық шешімдерді толыққанды дамытуға негізделмек.

