— Аталған заң мәтіні баспасөзде жарияланады, — деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Бұған дейін хабарланғандай, ғарыштық зымыран кешенінің құрылысы «Зенит-М» кешенінің инфрақұрылымы негізінде жүргізілуде. Жоба жаңа «Союз-5» зымыран тасығыштарын ұшыруға арналған. 2018 жылы ресейлік тарап жалға беруден шығарғаннан кейін нысанды қазақстандық мамандар пайдалануда.
Құрылысты аяқтау 2028 жылдың мамырына жоспарланған, ал алғашқы ұшу сынақтарын 2025 жылы бастау көзделіп отыр.
Сенат «Бәйтерек» ғарыш кешенінің жұмысына қатысты құжатты мақұлдады.

