17 қыркүйек күні сағат 00:30-да 112 пультіне Ақсу қаласы маңында орналасқан Белая өзеніне ішінде екі адамы бар «Нива» көлігі абайсызда түсіп кеткені туралы хабарланған.
– Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар қаласынан төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді. Сағат 07:45-те құтқарушылар 1960 және 1977 жылдары туған қос ер адамның денелерін судан алып шықты, — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, биыл Павлодар облысының су айдындарында 14 адам ажал құшқан.

