• kk
  • ru
  • Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас орналасқан облысында жер сілкінді

    👁 63

    Өзбекстан Сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, жерасты дүмпуі бүгін сағат 9:14-те тіркелді.

    Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы — 4, ал іргелес Бұхара облысының Гиждуан ауданында 2-3 балл болды.

    Айта кетейік, Науаи өңірі Қазақстанның Қызылорда облысымен шекаралас орналасқан.

    Қоса кетсек, 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда күші 6 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан 2200-ден астам адам қаза тапты.

    Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Талибан қозғалысының ресми өкілінің орынбасары Хамдулла Фитрат хабарлады.