Автор: qaztimes

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы басшысы Ақмәди Сарбасов ұсталды. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады. «Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша қолдау көрсетуде. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретінде», — деп мәлімдеді ведомство. Айта кетсек, бұрынғы вице-министр Сарбасов Еңбек министрлігінде 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол 2025 жылы министрлікке қарасты құрылым – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы лауазымына тағайындалған болатын.

Read More

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстан даму банкі және Қазпошта 2025 жылғы 1 шілдеден бастап барлық банк шоттары туралы есепті Ұлттық банкке тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы тиісті қаулыда айтылған, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Қандай шоттар бақылауға алынады? Есептілік тек депозиттерге ғана емес, барлық банктік шоттарға қатысты болады: ағымдағы шоттар; мерзімді және жинақ салымдары; жеке кәсіпкерлердің шоттары; инвестициялық және шартты депозиттер; ұлттық және шетел валютасындағы шоттар, тіпті нөлдік қалдықпен. Банк есепті мынандай жағдайларда тапсырады: шот ашылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде; клиент деректері өзгерген жағдайда; жаңа шарт жасалғанда. Қандай деректер тапсырылады? Ұлттық банкке жіберілетін жан-жақты есеп келесі ақпаратты қамтиды: шот…

Read More

Киік етінің химиялық құрамы мен денсаулыққа әсері зерттелді. Оны жеуге бола ма және кімдерге пайдалы — мамандар түсіндірді. Киік еті не үшін зерттелді? Қазақстанда киіктердің саны күрт өскен. Қазір олардың саны 3,9 миллионнан асты, бұл кеңес дәуірімен салыстырғанда үш есе көп. Фермерлер киіктердің егістік алқаптарына зиян келтіріп, малды ығыстырып жатқанын айтып, олардың санын реттеуді талап етті. Осыған байланысты Экология министрлігінің тапсырысымен Қазақ тағамтану академиясы киік етінің құрамын зерттеді. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша киік етін функционалды азық ретінде пайдалануға болатыны анықталды. Киік еті — табиғи ақуыз бен дәрумен көзі Академия президенті, медицина ғылымдарының докторы Алмаз Шарман былай дейді: «Киік еті —…

Read More

Теңге бағамының әлсіреу себептері Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 2025 жылғы маусым айында теңге АҚШ долларына шаққанда 1,7%-ға әлсіреп, 1 доллар – 519,73 теңге деңгейіне жетті. Сонымен қатар KASE биржасындағы орташа күндік сауда көлемі 238 млн доллардан 235 млн долларға дейін азайған. Жалпы сауда көлемі 4,7 млрд долларды құрады. Ұлттық банк атап өткендей, теңге бағамының алдағы уақыттағы өзгерістері мынадай факторларға байланысты болады: нарық қатысушыларының күтулері, тоқсандық салық төлемдері, жаһандық нарықтардағы жағдай, геосаяси ахуалдың өзгерісі. Ұлттық банк икемді бағам қалыптастыру режимін ұстануды жалғастырады. Бұл режим экономикалық теңгерімсіздіктердің алдын алып, елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Ұлттық қордан валюта сату көлемі Маусым айында…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп Илона Масктың шығындар мен салықтарға қатысты заң жобасына айтқан сынына жауап беріп, кәсіпкерге «дүкеніңді жап та, Оңтүстік Африкаға үйіңе қайт» деп кеңес берді. «Электр көліктері — керемет, бірақ барлығын оны пайдалануға мәжбүрлеу дұрыс емес. Илон адамзат тарихында ең көп субсидия алған адам болуы мүмкін. Егер сол субсидиялар болмаса, бәлкім, ол әлдеқашан дүкенін жауып, Оңтүстік Африкаға қайтып кетер еді», — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Сонымен қатар, Трамп бұрын Маск басқарған Мемлекеттік тиімділік департаментін (DOGE) тексеруге шақырды. «Зымырандар, спутниктер мен электромобильдер өндірісін тоқтатсақ, ел ретінде үлкен қаржы үнемдер едік. Бәлкім, DOGE осы мәселені мұқият қарап шығуы…

Read More

Ішкі істер министрлігі азаматтық және қызметтік қарудың айналымы ережелеріне өзгерістер енгізді. Жаңа бұйрыққа сәйкес, кейбір қару түрлерін рұқсатсыз сатып алуға болады – бірақ белгілі бір талаптар сақталған жағдайда. Атап айтқанда, 2019 жылы бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оған арналған оқ-дәрілер айналымы ережелеріне өзгерістер енгізілді. Негізгі жаңалықтар пневматикалық, сигналдық және охолощендік (атуға жарамсыздандырылған) қару түрлерін сатып алуға қойылатын талаптарға, сондай-ақ сатып алушылар ұсынуы тиіс құжаттар тізіміне қатысты. Не өзгерді? Рұқсатсыз қару сатып алуЕнді дүмінің энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қару түрлері мен сигналдық қару түрлерін арнайы рұқсатсыз сатып алуға болады. Алайда сатып алушы келесі құжаттарды…

Read More

Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылып отырған адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың желтоқсан айында сотталушы өз үйінде бөгде біреулердің дауысынан оянып, дәлізге шыққан. Онда ол анасының танысымен (жәбірленуші) дауласып жатқанын көрген. Сотталушы мен жәбірленуші арасында ауызша жанжал басталып, соңы төбелеске айналған. Оны айналасындағылар тоқтатқан. Оқиғадан кейін жәбірленуші сыртқа шығып, үйіне қарай бет алған, бірақ сотталушы оны қуып жетіп, басынан қатты доғал затпен ұрған. Одан жәбірленуші құлап түскен. Содан кейін сотталушы оны ас үйден алдын ала алып шыққан пышағымен арқасына екі рет ұрып, оны екі рет тепкен. Жәбірленуші кейінірек…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті.  Мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті. Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады. Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Read More

Өскемен қаласында әйел адамды пойыз қағып кетті. Қазір оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қала іргесінде орналасқан Защита ықшамауданындағы «Өскемен-1» станциясында болған. «Жүк пойызы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 40 жастағы әйелді қағып кетті», — делінген ақпаратта. Әйел адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Қонаевтағы Фрунзе көшесіне Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Тарихи тұлғаның есімі қала көшесіне берілуіне байланысты Қонаевта салтанатты іс-шара өтті. Оған әскери қызметкерлер мен қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты. Фото: Қонаев әкімдігі Бұған дейін Центральная көшесіне Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілген болатын. Сондай-ақ Қонаевтағы «Жеңіс» паркінде тәжік-ауған шекарасында, Қарабақ пен Ирак Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушы сарбаздардың құрметіне мемориалды тас ашылды. Фото: Қонаев әкімдігі

Read More