- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
- Абай облысында TikTok-та боқтық сөз айтып, ұлтараздық тудырған әйел түрмеге қамалды
Автор: qaztimes
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Ресеймен Украинадағы соғысқа байланысты жаңа шабуылдар аясында қару жеткізудің уақытша тоқтатылуын алғаш рет түсіндіріп, Украинаға тым көп қару берілді деп мәлімдеді. “Байден біздің елдегі барлық қаруды дерлік Украинаға беріп қойды. Біз өз қорғанысымыз үшін де жеткілікті қаруымыз болуы керек”, – деді Трамп Air Force One ұшағына мінер алдында. Украинаға қару жеткізу тоқтап тұр: Әуе шабуылына қарсы зымырандар Дәл бағытталатын артиллериялық қарулар Басқа да маңызды жүйелер Соңғы түнде Киевте баллистикалық зымырандарға қатысты дабылдар қағылып, дрондардың дауысы мен атыс естілген. Кремльдің көмекшісі Юрий Ушаков сәрсенбі күні Мәскеудегі кездесуге қатысуда. Фото: AFP Путинмен телефон арқылы сөйлесті Сол…
20 мыңға жуық әскери қызметкер жұмылдырылды, әуеде жойғыш ұшақтар патрульге шығады 2025 жылғы 4 шілдеде жарияланған мәлімет бойынша, Рио-де-Жанейро қаласы осы аптада өтетін БРИКС саммитіне байланысты соңғы жылдардағы ең ауқымды бейбіт уақыттағы қауіпсіздік операциясын бастады. Қауіпсіздік шараларыБразилия билігінің хабарлауынша, саммитке қатысатын 28 ел мен 7 халықаралық ұйым (соның ішінде БҰҰ мен Дүниежүзілік банк) басшыларын қорғау үшін шамамен 20 000 әскери қызметкер жұмылдырылады. Саммит өтетін орын — Рионың Қазіргі заманғы өнер мұражайы маңындағы әуе кеңістігі қатаң бақылауда болады. Қаруланған жойғыш ұшақтар рұқсатсыз ұшақтарды анықтап, қажет болған жағдайда оларды ауада атып түсіруге рұқсат берілген. Бұл — төтенше қауіп төнген жағдайда жүзеге асады.…
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шешен белсендісі Мансур Мовлаевке қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мовлаевтің ұсталғаны туралы Ведомствоның мәліметінше, Ресей азаматы Мансур Мовлаев 2025 жылдың 13 мамырында Алматы қаласында ұсталған. «М. Мовлаев РФ Шешен Республикасының Шали ауданы полициясы жариялаған халықаралық іздеуге байланысты ұсталды. Оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 163-бабының 1-бөлігі және 163-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы (екі рет бопсалау) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған», – деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы. 2025 жылдың 16 мамырында Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты Мовлаевті 40 тәулікке уақытша қамауға алу туралы санкция шығарған. Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрады Мансур Мовлаев Қазақстаннан босқын мәртебесін беруін…
Ресей астанасында «Вагиф Бакинский» лақап атымен танымал Вагиф Сулейманов тұтқындалды. Ол Әзербайжаннан шыққан, криминалдық ортада ықпалды «вор в законе» ретінде белгілі. Вагиф Сулейманов 1965 жылы 15 тамызда Тбилисиде дүниеге келген. Кейін Бакуге, одан соң 1990-жылдары Ресейге қоныс аударған. 2006 жылы Мәскеуде есірткі сақтағаны үшін тұтқындалған. РБК дерегінше, ол бірнеше мәрте сотты болған. 2013 жылы түрмеден шыққан соң, Сулейманов 18 миллион рубль бопсалады деген күдікпен қайта ұсталған. Ресейлік БАҚ мәліметінше, Сулейманов алдағы үш айын арнайы мекемеде өткізеді, содан кейін елден депортацияланады. Құқық қорғаушылар оны Мәскеуде ұстаған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода Сулейманов өзін ұстап тұрған қызметкердің сұрағына жауап бермей, «Сіз авторитетсіз ба?» деген сауалға үн қатпайды. Сулеймановпен қатар, 2…
Қытайлық компания Қазақстанда 600 млн АҚШ долларына қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарын салуды жоспарлап отыр. Жобаларға қолдау көрсетіледі «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше компанияның басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов пен Қытайдың Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого кездесу өткізді. «Тараптар Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша үш зауыт салуды көздейтін кешенді жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Жалпы инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ долларын құрайды», — деп жазылған хабарламада. Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы Бішкекте осындай жобаны жүзеге асыруда және Қытайдағы жетекші жеке экологиялық компаниялардың бірі саналады. Компания WtE (waste-to-energy) кешендерін салу мен пайдалануға маманданған, 400-ден астам…
Apple Қытайда тым терең орнығып, енді шегіне алмай отыр ма? Мұндай пікірді Financial Times тілшісі Патрик Макги жаңа кітабында алға тартады. «Apple in China: The Capture of the World’s Greatest Company» атты туындыда автор Apple компаниясы барлық өндірісін бір елге — Қытайға шоғырландыру арқылы стратегиялық қателік жіберді дейді. Оның айтуынша, компания «қатал және авторитарлы бақылау жүйесіне» тәуелді болып қалған. Алайда, Вашингтонда өткен сараптамалық жиында бұл көзқарас бірауыздан қолдау таппады. Гарвард бизнес мектебінің профессоры Мег Ритмайр: «Егер тарихты қайта жазуға мүмкіндік болса, Apple басқа шешім қабылдар ма еді? Жоқ. Себебі сол кездегі инновациялар мен өндіріс толқынын елемеу — бүгінгі Apple болмай…
Көршілес жатқан екі елде де қазір шегірткеге қарсы күрес маусымы жалғасып жатыр. Бұл қауіпті зиянкестер тіпті шекараға қарамайды, сондықтан мемлекетаралық деңгейдегі үйлесімді іс-қимыл қажет. Осы тұста Қазақстан мен Қытай бірлесе «егіннің қас жауына» қарсы қандай шаралар атқарып жатқаны жөнінде Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы талдау жасап көрді. Коллаж: Kazinform / Freepik / Pexels Шегірткенің барлығы бірдей емес… Бір ғана Қазақстанның өзінде шегірткенің 270-тен астам түрі тіршілік етеді, олардың шамамен 25-30-ы ауыл шаруашылығы дақылдарына үлкен зиян келтіре алатын зиянкестер қатарына жатады. Республика егіншілігіне ең үлкен қатер төндіретіндері — үйірлі шегірткелер, нақтырақ айтсақ үш түрі: итальян шегірткесі, азиялық көшпелі және марокко шегірткесі. БҰҰ-ның Азық-түлік…
Жойқын зілзаладан кейін тоқтатылған Қытайдың Куньмин қаласы мен Мьянманың Мандалай қаласы арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп жазады Синьхуа. Фото: Синьхуа Жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының әкімшілік орталығы — Куньмин мен Мьянманың Мандалай қаласы арасындағы екі бағыттағы әуе рейстері қайта басталды. Бұл бағыттағы қатынас наурыз айында Мьянмада болған жойқын зілзала салдарынан уақытша тоқтатылған болатын. China Eastern Airlines әуе компаниясының Юньнань филиалынан хабарлағандай, Куньмин–Мандалай бағыты бойынша MU2029/MU2030 рейстері Boeing 737 ұшағымен орындалады. Бұрынғы жұмыс кестесі сақталған: аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады. 28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,9 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Табиғи апат салдарынан…
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогы ширек финалында бүгін, 3 шілдеде ел құрамасынан кімдер шығатыны белгілі болды. Фото. Қазақстан бокс федерациясы Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен 14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Күндізгі сессия 3 жұп (А рингі). Әйелдер. 70 келі. Наталья Богданова — Барбара Мария дос Сантос (Бразилия) 5 жұп (В рингі). Ерлер. 60 келі. Серік Теміржанов — Сунсукэ Китамото (Жапония) 10 жұп (А рингі). Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай — Лакшья Чахар (Үндістан). Кешкі сессия 2 жұп (В рингі). Әйелдер. 57 келі. Айдана Забынбекова — Алисса Мендоса (АҚШ) 3 жұп (В…
Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, елімізде энергетика, көлік және цифрландыру салаларындағы инфрақұрылымды жаппай дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. — Қазақстан халықаралық серіктестермен бірге теміржол және автокөлік дәліздерін, теңіз порттарын, жалпы транзит және логистика саласын жаңғыртуды белсенді түрде қолға алды. Цифрлық трансформация мен жасанды интеллект — еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Біз Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдырғымыз келеді. Өйткені жасанды интеллект өсімі инновация мен цифрлық дербестіктің негізгі қозғаушы күші болады. Осы стратегиялық маңызы зор салаға күш-жігерімізді жұмылдыру үшін Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құрдық. Көп ұзамай қуатты…