- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Солтүстік Қазақстан облысында «Черное» көліне суға шомылуға барған 20 жастағы жігіт мерт болды. СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше 1 шілде күні сағат 22.10 минут кеткенде болған. Қызылжар ауданы Прибрежное елді мекенінің маңында орналасқан «Черное» көліне демалуға барған 20 жастағы жігіт суға түсіп, қайтып шықпаған. «Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы, қайық және 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді. Сағат 22.45 минут кеткенде жігіттің денесі табылды. Қазіргі уақытта өлімнің себебі анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», -…
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында діни шара кезінде кептеліс салдарынан 100-ден аса адам қаза тапты, деп хабарлайды SteppeNews агенттігі NDTV сілтеме жасап. Қайғылы оқиға жүздеген адам қатысқан сатсанг (сыйыну рәсімі) кезінде болған. Қоғамдық денсаулық сақтау орталығынан түсірілген видеода бірнеше мәйітті автобуспен алып бара жатқанын және туыстарының жылап жатқанын көруге болады. Мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар да бар. Түрлі жарақат алған 15 адам ауруханаға жеткізілген. Уттар-Прадеш штаты басшысы Йоги Адитьянатх қарамағындағыларға қайғылы жағдайды бақылауға алуды бұйырды. Қазір оқиға орнында дәрігерлер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Денсаулық сақтау орталығының хабарлауынша, 50-60 адам қайтыс болған. Кейін окрук шенеуніктері тағы 27 адамның қайтыс…
Қазақстандық ғалым Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағынан сирек кездесетін түнгі көбелекті тапты. Scoliopteryx aksuana – әлемде сирек кездесетін түнгі көбелектің фотосын ҚР Зоология институтының энтомология зертханасының аға ғылыми қызметкері Сергей Титов түсіріп алды. «Сурет Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы Ерен саяжайы табиғи ескерткішінің аумағында түсірілген. Бұл сирек кездесетін түнгі көбелек Қазақстан, Моңғолия және Қытай шекарасында шағын таулы-далалық аумақта таралған», — деп хабарлады Зоология институтынан. Осыған дейін қазақстандық ғалымдар «таспашөптің» жаңа түрін тапқан болатын. Отандық ғылымға қосылған бұл елеулі үлес Қазақстанның биоалуантүрлілігін толықтыруға ықпал етпек. Сондай-ақ 70 жылда алғаш рет Индер тауларының герпетофаунасының тізімі тағы бір түрмен – су жыланымен…
Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін «Baur Kazakhstan» АҚ бас есепшісі Анар Байдәулетовадан жауап алынды. Компанияда куәгер 2018 жылдан 2019 жылдың мамырына дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. Ал, 2020 жылдың қаңтарында Гүлмира Сатыбалды оны «Премьер-НС» ЖШС қаржы директоры ретінде жұмыс істеуге шақырған. Жауап алу кезінде прокурор одан «ТМ Engineering Group» ЖШС есепшотынан «Galanz Bottlers» АҚ пайдасына 600 млн теңге аударылғаны жайында жәбірленуші Абай Жүнісов білді ме?» деп сұрады. «Ол жағын білмеймін. Ол кезде Астанада іссапармен жүргенмін. Маған Қабенов пен Мекешева телефон соғып, „ТМ Engineering“ ЖШС-нен 450 млн теңге жіберіп, бақылауды тапсырды. Содан кейін мен Мекешевадан „неге үлескерлердің…
Бүгін елордаға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. Көрші елдің басшысы осы сапарға орай Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап авторлық мақала жазды. Оқырман назарына сол мақаланың қызықты деген тұстарын ұсынып отырмыз. Мақалада Си Цзиньпин Қазақстан аумағында қытай инвестициясына іске асып жатқан жобалардың бірнешеуіне тоқталып, «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» дәлізінің іркіліссіз жұмыс істеп тұрғанына назар аударады. «Біз іскерлік ынтымақтастықта өзара пайда мен бірлесіп даму рухында жаңа таңғаларлық нәтижелерге қол жеткіздік. Екіжақты сауда-саттықтың былтырғы көлемі рекордтық деңгейдегі 41 млрд АҚШ долларына жетті. Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып отыр және қазақстандық тауарлардың ірі импорттаушысы. Жаңатас ЖЭС-і, Тұрғысын ГЭС-і, сияқты…
Анталья әуежайында жұмысшылардың ереуіліне байланысты халықаралық және ішкі рейстер кешіккен. Кейбір ұшақтар бір тәуліктен астам уақыт бойы ұшуға рұқсат күтуде. Түркияның курорттық аймағының туризм саласы жағажай маусымының қызған шағында әуе диспетчерлерінің ереуіліне байланысты дағдарысқа ұшырады. Анталья әуежайындағы наразы қызметкерлер жұмыстан бас тартып немесе жұмыс белсенділігін әдейі азайтып отыр. Осы жағдайдан соң рейстер жоспардан тыс кешіккен және ұшу уақыты ауысқан. Әуежай қызметкерлері басшылықтан жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде. Қазіргі уақытта олардың жұмысы айтарлықтай баяулады. Бұдан кейін рейстердің уақыты кейінгі ығыстырылып, тіпті кейбірі ұшпай қалған. Бұл жолаушылардың, әсіресе демалушылардың жағдайын қиындатып, әуе компанияларын да үлкен қаржылық шығынға батырды. Бұл ретте…
Биыл Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің (Атырау облысы) деңгейі 119 см-ге көтерілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сәуір-мамыр айларында Жайық өзені арқылы тасқын суының мол келуі, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті әкімдік бірлесіп салған қосымша арналар тиімді әсер етті. Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шамамен 7,4 млрд текше метр су жіберілді. Тасқын суын теңізге өткізу үшін Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы қосымша каналдарды пайдаланды. Ол арналар арқылы Каспийге 350 млн текше метр су келді. «Қазсушар» мамандары арналардың барлығында тазарту, нығайту және басқа да…
Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағында жазғы кафе өртенді. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 шілде күні болды. «Сағат 09.50-де Қ.Рысқұлбеков көшесі 1/4-мекенжайында аумағы 280 шаршы метр «У фонтана» жазғы кафесі жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Сондай-ақ соған жалғас тұрған 25 шаршы метр әкімшілік ғимаратының төбесі отқа оранды. Оқиға орнынан 1 көмірсутегі баллоны шығарылды. Өртті сөндіруге 20 адам, 5 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 10.15-те оқшауланып, 10.32-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Бір кездері қазақстандықтардың таң ұйқысын «ұрлаған» Геннадий Головкин былғары қолғабын қайта киіп, шаршы алаңда айқасқа шығуы мүмкін екенін жасырмады. Бүгінде ҰОК президенті қызметін атқарып жүрген даңқты отандасымыз Геннадий Головкин Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында бокспен қош айтыспағанын алға тартты. «Бокстан кететінім туралы ешқашан айтқан емеспін. Бәріне уақыт төреші. Қазір менің алдымда үлкен мақсат тұр. Бастысы, атқарып жатқан жұмысым өзіме ұнайды. Спорт, қимыл-қозғалыс, жаттығу менің өмірімнің мәніне айналған. Егер біреу мені шаршы алаңға шақырып, ол ұсынысы көңілден шықса, оны қабылдауға дайынмын. Сондықтан алда GGG-дің қатысуыммен өтетін жекпе-жектің куәсі болуларыңыз әбден мүмкін, — деді Геннадий Головкин. Айта кетейік, әлемге әйгілі кәсіпқой боксшы соңғы…
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындайтын сараптама енгізілетінін мәлім етті. «Елімізде сот-сараптамасының «Сот-сексологиялық сараптама» деген жаңа түрі енгізілетін болады. Халықаралық тәжірибені ескерсек, соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуы байқалады. Осыған орай Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу жұмыстарын бастады. Бұл күдікке ілінген азаматқа құқық қорғау органдарының өтініші бойынша жүргізіледі. Сараптама кезінде ол азаматтың психологиялық портреті қалыптастырылады – оған түрлі сұрақтар қойылады, қандай да бір психологиялық ауытқушылғы бар-жоғы, педофилияға бейімдігі айқындалады. Ондай белгілер анықталған жағдайда соттың шешімімен оған химиялық кастрация жасау керек пе деген көрсеткішті де анықтайды», — деді ол ведомствоның кезекті баспасөз…