- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
«Хезболла» Израильдің солтүстік аймақтарына 320 зымыран ұшырды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. The Times of Israel басылымының хабарлауынша, қозғалыс еврей мемлекетіндегі 11 әскери базаға соққы жасаған. Jerusalem Post газеті Ливаннан Израильге 200-ге жуық зымыран атылғанын мәлімдеді. Басылымның дерегіне қарағанда, снарядтардың ұшырылуы жергілікті уақыт бойынша 05:30–дан 06:15–ке дейін тіркелген, бірнеше зымыран Израиль аумағына жеткен. Израильге зымырандық шабуылдан кейін шииттік Хезболла қозғалысы Бейрутта өзінің әскери қанатының қолбасшысы Фуад Шокрдың өліміне «алғашқы жауап» туралы айтты. «Израильге зымыран ұшыру қаупін жою үшін өзін-өзі қорғау аясында Израиль армиясының Ливандағы лаңкестік нысандарға соққы бергені бұрын хабарланған болатын, ол жерден Хезболла израильдік бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды жоспарлаған», — деп жазды Израиль…
Әнші Алтынай Жорабаева Instagram-дағы парақшасына күйеуінің 4 бөлмелі пәтер сатып алып бергенін жазды. Көршінің пәтерін сатып алғанбыз ғой. Енді ол пәтерде асхана да, ештеңе болмайды. Көбіне менің киімдерім, гардероб болады деп отырмыз. Төрт бөлмелі, 180 шаршы метрді қамтиды. Біздің жеке жатын бөлмеміз де сонда болады, — деді әнші.
Өскемен қаласында қаржы пирамидасын құрып, халықты 42 млн теңге шығынға батырған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, С.есімді айыпталушы кеңсе ашып, өз қызметін жарнамалаған. Ол пайызсыз несие беру арқылы жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тиімді алуға жәрдемдесетіндігін айтып, клиент тартады. Бұған сенген адамдар ақшаларын беріп, әйел адам құрған кооперативпен келісім-шартқа отырған. Алайда 19 адамның бірде біреуіне несие де берілмей, ақшалары да қайтарылмады. Осының салдарынан жәбірленушілерге 42 880 461 теңге материалдық залал келтірілген. «Сот шешімімен сотталушы кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», — делінген ақпаратта. Еске салсақ, осыған…
Тәжікстан мен Қазақстан ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында ынтымақтасуға келісті
Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік агенттігі мен Республикалық мемлекеттік «ядролық физика институты» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Ховар агенттігі. Құжат екі мекеме арасындағы ядролық және радиациялық қауіпсіздік пен ғылыми зерттеулер саласындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ меморандумда бірлескен ғылыми зерттеулер, тәжірибе алмасу, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру қарастырылған. Меморандумның негізгі аспектілерінің бірі – жас мамандарды даярлауға және алмасуға дайын болу.
Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М.Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды. Ол Өзбекстан Республикасы азаматынан жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. «Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды», — деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бүгін Қарағандыда Костенко атындағы шахтаның аумағында қаза тапқан кеншілерге арнап орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. Өткен жылдың 28 қазанында 46 кеншінің өмірін қиған апат болған еді. Кеншілердің туыстары мен әріптестері, билік өкілдері, Qarmet компаниясының басшылығы көз жұмған шахтерлерді еске алып, гүл шоқтарын қоюға жиналды. Фото: Қарағанды облысы әкімдігі «Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға қарағандылықтардың ғана емес, барлық қазақстандықтың жүрегінде терең із қалдырды. Бұл – орны толмас қайғы. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтқым келеді. Сол күндері Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған отбасыларды қолдау үшін Қарағандыға келді. Біз әр отбасына қажетті қолдау мен көмек алуы үшін қолдан…
Ливанның Хезболла тобы сейсенбі күні таңертең Израиль армиясы шекаралас аймақтан Бекаа алқабына жасаған қарқынды соққылардан кейін Израильдегі әскери нысандарға жаппай зымыран шабуылын жасады. «Хезболла» сейсенбі күні таңертең Ливаннан Израильдің солтүстігіне 40 зымыран атқылаған. Кейінірек 15 зымыраннан тұратын екінші шабуыл жасады. Израиль армиясы Жоғарғы Галилея мен Голан көгінде «шамамен 55» зымыран ұшырғанын тіркегенін айтып, олардың кейбірінің қағып түсірілгені, қалғандарының адам шығынынсыз ашық аумақтарға құлағаны айтылды. Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, Жоғарғы Галилея мен Голан көгінде зымыран шабуылын ескертетін автоматты ескерту сиреналары естілген. «Ұшырулардан кейін көп ұзамай Әскери-әуе күштерінің ұшақтары снарядтар атылған қондырғылардың біріне шабуыл жасады», — делінген армия мәлімдемесінде. Израиль ақпарат құралдары зымырандардың…
Көлік министрі Марат Қарабаев InDriver және Яндекс қолданушыларына 50 шақырымнан ұзақ қалааралық жолда адам тасуға шектеу қою туралы ұсынысқа түсінік берді. Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер министрден аталған мәселеге байланысты қоғамдық тыңдау қашан болатынын және министрлікке қандай ұсыныстар түскенін сұрады. «50 шақырым немесе 100, 150 шақырымнан астам жолға тыйым салу туралы министрлік ұсыныс жасаған емес және біздің ведомство осындай түзетуді енгізбеді. Атап айтқанда, аталған шектеуге қатысты нақты өзгеріс пен ол бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу қарастырылмаған. Бұл ретте, осыған дейін жұмыс тобы мүшелерінің бірі агрегаторлардың қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныс жасаған еді», — деді М. Қарабаев. Сөз соңында министр қазір…
Демократиялық партияның Ұлттық съезі дүйсенбіде ашылады. Ол Иллинойс штатының Чикаго қаласында өтеді және бейсенбіге дейін жалғасады, деп хабарлайды CBS News. Демократиялық партияның съезі 19 тамызда басталып, 22 тамызға дейін жалғасады. Американың Чикаго қаласында төрт мыңнан астам делегат жиналады. Әдетте партиялар конвенция кезінде мемлекет басшысына өз кандидаттарын ұсынады. Алайда Харрис осы айдың басында онлайн дауыс беру кезінде өзінің алдыңғы қатардағы үміткер мәртебесін ресми түрде растады. Олай болғанымен, съезде «салтанатты» дауыс беру өтеді деп жоспарланған. Демократиялық партия Ұлттық съезінің шенеуніктері президент Байден мен бірінші ханым Джилл Байден дүйсенбіде сөз сөйлейтінін растады. Дүйсенбінің тақырыбы – «Халық үшін». Еске сала кетсек, 6 тамызда АҚШ…
Алматы әуежайында рейсі кешіккен азаматтар жанжал шығарды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. FlyArystan әуе кемесі «Алматы – Астана» бағытында сағат 09:05 ұшуы керек болған. Алайда жүйедегі техникалық ақауға байланысты жолаушыларға алдымен рейстің 10:55-ке ауысқаны туралы, одан кейін 09:25-те ұшатыны туралы ескерту хабарлама келген. Оқиға салдарынан біраз жолаушы рейске мініп үлгермей қалған. Уақытылы ұшып кете алмаған жолаушылар әуе компаниясының тіркеу үстелінде шу шығарып, бірнеше затты қиратқан. Аталған жағдайға байланысты Көліктегі Полиция департаменті түсініктеме берді. «Әуекомпания қызметкерлері полицияға арызбен жүгінді. Тексеру кезінде 31 жастағы әйелдің өзін дөрекі ұстап, әуекомпания қызметкерлеріне бейәдеп сөз айтқаны анықталды. Сонымен қатар, ол тіркеу үстеліндегі мониторды зақымдаған. Әйелге…