- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
АҚШ-тың бұрынғы президенті және қайтадан президенттікке үміткер болған Дональд Трампқа кезекті мәрте қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды ТАСС. . New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған. — Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, — деп жазды Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Марджори Тейлор-Грин. Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.
Бүгін, 15 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? SteppeNews оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 133 жыл бұрын (1891-1948) алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Иса Таумышұлы ҚАШҚЫНБАЕВ дүниеге келген. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Орал реалдық әскери училищесін, Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. 1917 жылғы желтоқсанда өткен ІІ жалпықазақ съезінде Уақытша ұлт кеңесі (Алашорда) мүшелігіне кандидат (Ұлт кеңесі мүшесінің орынбасары) болып сайланды. 1920 жылғы 21 маусымдағы Қазақ РК (б)П облыстық комитеті мәжілісінде «қоғам үшін қауіпті» адам ретінде оны айрықша мінездемемен Заволжье әскери округіне жіберу жөнінде шешім қабылдады. Алайда Халық атқару комитетінің ара түсуімен Ташкент қаласына жіберілді. 1920 жылы осында мұсылмандардың өлкелік фельдшерлік…
Атырау қаласында мопед жүргізушісі түн ортасында 28 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел облыстық ауруханада көз жұмды. Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте түнгі уақытта болған. «Атырау қалалық Полиция басқармасына 11 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында мопед жүргізушісінің жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабар түсті. Жол-көлік оқиғасы шаһардағы Ш.Уәлиханов-Г.Канцев көшелерінің қиылысында болғаны анықталды. Мопедтің рулінде 21 жастағы жүргізуші болған. Әйел аталған көшелердің қиылысында жолдың жаяу жүргіншіге арналмаған тұсынан өтіп бара жатқан. Сол кезде оны мопед қаққан», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жол-көлік оқиғасынан түрлі жарақат алған әйел жедел жәрдем…
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Шымкентке жұмыс сапары аясында мегаполистің қазіргі даму барысымен және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру шараларымен танысты. «Оңтүстік» индустриялды аймағының аумағында Үкімет басшысы сусындарға арналған алюминий қалбырлар мен қақпақтар шығаратын QazAlPack кәсіпорында болды. Өндірістік қуаты жылына 1,2 млрд дана банка шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта 360 адам жұмыс істейді. QazAllPack ЖШС директоры Рустам Сухов автоматтандырылған өндіріс процесін таныстырып, қаптаманың бұл түрі өзінің тұтынушылық қасиеттері бойынша ең прогрессивті әрі экологиялық таза екенін айтты. Заманауи сапа стандарттары бойынша өндірілетін өнімдер ішкі нарықта сатылып, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Мемлекеттік…
Ірі бизнес еліміздің технологиялық және инновациялық дамуында маңызды рөл атқарады – Олжас Бектенов
Олжас Бектенов ірі бизнес өкілдерімен экономиканың нақты секторын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Фото: ҚР Үкіметі Басты мақсат – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерді іске асыру шеңберінде кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және одан әрі өзара іс-қимыл шараларын қарастыру. Фото: ҚР Үкіметі Олжас Бектенов мемлекет инвестициялық тартымдылықты арттыру, еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және экономиканың нақты секторын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті. Өз…
Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанның Серхетабат қаласын (бұрынғы Кушка қаласы) Ауғанстанның Тургунди қаласымен байланыстыратын 177 метрлік теміржол көпірінің ашылуына қатысты. Көпір Тургунди стансасының өткізу қабілетін, оның екі елдің тауар айналымы үшін маңызын арттырады. Сондай-ақ, контейнерлер мен басқа да транзиттік жүктерді ауыстырып тиеу үшін «құрғақ порт» үлгісіндегі қойма кешенін салу жоспарланған. Көпірді іске қосу «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің шығыс бағытын дамытуға кіретін Тургунди-Герат бағыты бойынша ауқымды теміржол магистралінің маңызды кезеңі болады.
«Өзатом» агенттігі жанындағы Атом станциясын салу дирекциясы мен «Росатомға» бағынысты «Атомстройэкспорт» АҚ Өзбекстанда салынатын аз қуатты АЭС-тің құрылыс алаңындағы жұмыстарды бастау жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform. Аз қуатты АЭС-тің жобасын алдын ала пысықтау жұмысы маусым айында басталып, ол жолы негізгі міндеттер айқындалған болатын. Ал тамыздың соңында АЭС құрылысшылары тұратын қалашық салына бастады. «Хаттамаға қол қою Өзбекстандағы алғашқы аз қуатты АЭС жобасын іске асырудың белсенді кезеңі басталғанын білдіреді. Сонымен қатар, ол жақын арада құрылыс алаңындағы жұмыстарға кірісуге мүмкіндік береді», — деді «Өзатом» агенттігі жанындағы Атом станциясын салу дирекциясының директоры Отабек Аманов.
Ерлан Қарин Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне қатысты аймақтық кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдары, ішкі саясат бағытындағы жұмыс барысы, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, ономастика, ақпарат саласы және жастар саясаты мәселелері талқыланды. Мемлекеттік кеңесші облыстағы бірқатар мектептің директорларымен кездесіп, «Біртұтас тәрбие» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мәселесіне қатысты пікір алмасты. Фото: Ақорда Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді. Кеңес мүшелері қазіргі ең өзекті тақырыптың бірі…
Қанат Бозымбаев Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалық кеңсесін құруды тапсырды
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басшылығының, «Alatau» арнайы экономикалық аймағының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ірі инвесторлардың қатысуымен Алатау қаласын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, денсаулық сақтау, білім беру және спорт нысандарын салу мәселелері талқыланды. Айта кетейік, Алатаудың құрамына 12 елді мекен кірді. Қаланың бас жоспары бекітілді, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдары құрылды. Қаланың жалпы ауданы – 88 мың гектар, халқы шамамен 54 мың адам. Алатау әкімі Әркен Өтенов бүгінгі күні қалада логистика, медицина және тамақ өнімдерін өндіру саласындағы жобалар іске асырылып жатқанын…
3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болды. Бұл туралы бүгін AMANAT партиясында өткен іс-шарада Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов айтты. «Ұлттық ұлан қатарында соңғы 3 жыл мен 2024 жылдың 9 айында 58 әскери қызметші қайтыс болса, оның 11-і қатардағы сарбаз. Қалғандары офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметшілер. 2022 жылы 2 сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде жауынгерлік қызметін атқару кезінде қаза болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі әскери қызметші мерт болды. Олар келісімшарт бойынша қызмет атқарған. Негізгі себебі – демалыс кезінде немесе қызметтен бос уақытында өз көлігінде не жолаушы ретінде жол-көлік оқиғасында қаза болуы», — деді…