Смартфон бүгінде тек байланыс құралы емес, фото мен видео түсіруге, әлеуметтік желі жүргізуге, жұмыс істеуге және ойын-сауыққа арналған күнделікті құрылғыға айналды. Сондықтан жаңа модель таңдағанда камера сапасы, экран, өнімділікпен қатар, аккумулятор көлемі мен құрылғының қорғанысына да мән беріледі. Осы талаптардың бірнешеуін бір модельде біріктіретін құрылғылардың бірі – OPPO Reno13 F.
Қытайлық OPPO компаниясы 2004 жылы құрылған. Бүгінде бренд смартфондармен қатар зарядтау, жасанды интеллект, бейнелеу технологиялары және басқа да бағыттарда өнімдер әзірлейді. Компанияның мәліметінше, OPPO өнімдері әлемнің 90-нан астам елінде қолжетімді.
Ыңғайлы дизайн және 120 Гц экран
OPPO Reno13 F жұқа әрі жеңіл корпусымен ерекшеленеді. Оның қалыңдығы шамамен 7,76 мм, салмағы 192 грамға жуық. Смартфон 6,67 дюймдік AMOLED дисплеймен жабдықталған, ал экранның жаңарту жиілігі 120 Гц-ке дейін жетеді. Бұл мәзірді айналдыру, бейне көру және ойын ойнау кезінде қозғалыстың бірқалыпты болуына мүмкіндік береді.
Камера және жасанды интеллект
Reno13 F контент түсіретін пайдаланушыларға да бағытталған. Смартфонның негізгі камерасы 50 МП, оған 8 МП ультра кең бұрышты және макрокамера қосылған. Алдыңғы камераның ажыратымдылығы – 32 МП.
Құрылғыда жасанды интеллектке негізделген фотосурет өңдеу құралдары бар. Мысалы, AI Unblur қозғалыс салдарынан бұлыңғыр шыққан кадрларды жақсартуға, ал AI Reflection Remover әйнек арқылы түсірілген суреттердегі шағылыстарды азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар AI Studio және AI Livephoto сияқты функциялар шығармашылық контент жасау мүмкіндігін кеңейтеді.
Өнімділік пен аккумулятор
Қазақстан нарығына ұсынылған OPPO Reno13 F 4G нұсқасы MediaTek Helio G100 платформасымен жұмыс істейді. Құрылғы 8 ГБ жедел жады және 256/512 ГБ ішкі жады конфигурацияларымен ұсынылады. Сонымен бірге жүйе ішкі жадтың бір бөлігін жедел жад ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Смартфонға 5800 мАсағ аккумулятор орнатылған. Ол 45 Вт SUPERVOOC жылдам қуаттау технологиясын қолдайды. OPPO дерегінше, зертханалық жағдайда батарея 30 минутта 1%-дан 45%-ға дейін қуаттала алады. Нақты нәтиже пайдалану жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.
Су мен шаңнан қорғаныс
Reno13 F-тің ерекшеліктерінің бірі – IP66, IP68 және IP69 стандарттары бойынша қорғанысы. Өндіруші құрылғының зертханалық жағдайда жоғары температура мен қысымдағы су ағынына төтеп бере алатынын, сондай-ақ 2 метр тереңдікте 30 минутқа дейін суға батырылған кезде жұмысын сақтайтынын көрсетеді.
Дегенмен бұл көрсеткіштер арнайы зертханалық жағдайларда алынғанын ескерген жөн. Сондықтан смартфонды суға әдейі батырып сынау күнделікті пайдалану үшін ұсынылмайды.
Жалпы, OPPO Reno13 F сыртқы дизайны, камера мүмкіндіктері, AI құралдары, үлкен аккумуляторы және су мен шаңнан қорғанысы арқылы күнделікті қолдануға бағытталған смартфон ретінде ерекшеленеді. Әсіресе әлеуметтік желіге контент түсіретін, ұзақ уақыт байланыста болатын және құрылғының төзімділігіне мән беретін пайдаланушылар үшін оның техникалық мүмкіндіктері қызықты болуы мүмкін.
Келесі материал: Алматыда Дуньхуанның мыңжылдық мұрасы таныстырылды
Посмотреть эту публикацию в Instagram
