Балалар көркемөнер орталығында моңғол каллиграфиясына арналған маңызды мәдени іс-шара өтті. Көрмеде «Мәңгілік аспан каллиграфиясы – 2026» халықаралық байқауына іріктелген үздік жұмыстар ұсынылды. Моңғолия Президентінің бастамасымен ұйымдастырылған байқау ұлы Шыңғыс ханның туған күні мен Моңғолияның ұлттық мақтаныш күніне орайластырылған деп жазады, SteppeNews.kz Монголия Сейчас сайтына сілтеме жасап.

Байқауға қатысушылардың үздік туындыларын іріктеумен қатар, келушілерге авторлардың шығармаларынан жасақталған көрме де ұсынылды. Экспозицияның ерекше бөлімі «Д. Нацагдорж – Шыңғыс хан әулетінің ұлы тұлғасы» тақырыбына арналды. Іс-шара көрнекті жазушы, ағартушы әрі қазіргі моңғол әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Дашдоржийн Нацагдорждың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылды.


Көрме мазмұны мен қатысушылардың географиялық ауқымы жағынан ерекшеленді. Мұнда моңғол шеберлерінің туындыларымен қатар, 200-ден астам өнер жұмысы қойылды. Олардың арасында кәсіби суретшілердің, оқытушылардың, студенттер мен жоғары сынып оқушыларының еңбектері бар.

Көрмеге Бурятия Республикасынан, Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданынан және Чехиядан келген авторлар да өз жұмыстарын жолдаған. Бұл моңғол каллиграфиясына деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Келесі материал: «Гамлет. Соңғы күндер» спектаклі халықаралық театр сыйлығын жеңіп алды
