Әлемге әйгілі Сиань қаласындағы Цинь Шихуанның Терракота әскері археологиялық кешенінде келушілер бұрын жабық есіктердің ар жағында жүргізілген реставрация жұмыстарын енді өз көздерімен көре алады. Мамандар екі мың жылдан астам уақыт жер астында жатқан терракотадан жасалған мүсіндерді қалпына келтіріп жатыр деп хабарлайды SteppeNews.kz «Жэньмин Жибао» онлайн ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
2024 жылы Цинь Шихуан кесенесі музейі Терракота әскерінің археологиялық қазба жұмыстарының басталғанына 50 жыл толуына орай қазба жүргізілетін аумақта жаңа консервация және реставрация зертханасын, сондай-ақ археологиялық платформаны іске қосты.

Бұл жаңалық терракотадан жасалған мүсіндерді қазып алудан бастап музей қорына тапсырғанға дейінгі барлық кезеңді қамтитын кешенді сақтау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Бұған дейін екі мың жылдан астам уақыт жер астында жатқан бояулы терракота жауынгерлері қазба кезінде қоршаған орта жағдайының күрт өзгеруінен зардап шегетін. Соның салдарынан мүсіндердің бояу қабаты қабыршақтанып, бұралып кететін жағдайлар болған.

Қазір музей мәдени мұра нысандарын сақтаудың жаңа тәсілін енгізді. Боялған терракота жауынгерлері жер астынан шығарылғаннан кейін бірден зертханаға жеткізіледі. Мұнда олар арнайы өңдеуден өтіп, азотпен тұрақтандыру, 3D бейнесін жасау және ультрадыбыстық бақылау сияқты технологиялар қолданылады.
Бұл әдістер археологиялық жәдігерлердің зақымдану қаупін азайтып, оларды ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді.
Келесі материал: Мерейтойлық Almaty Marathon-ға 66 елден 16 мың адам қатысты
