Алматыдағы Арбатта «Яндекс Музыка» сервисінің көпшілікке арналған музыкалық «Go студиясы» жұмысын бастады. 20 қыркүйекке дейін келушілер музыканың қалай жазылатынын бақылап, жанды қойылымдарды тамашалай алады.
Жоба аясында 32 күн ішінде студия сахнасында 37 әртіс өнер көрсетеді. Күндіз музыканттар жаңа тректермен жұмыс істесе, кешке өз шығармаларын жанды форматта ұсынады.
Жобаға V $ X V PRiNCE, ALEM, A.Z., KABDOL, Yenlik, Ayau, ALPHA, AYREE, Moreart, Liili, IL’HAN және басқа да орындаушылар қатысады. Сондай-ақ Оңтүстік Кореядан келген K-pop әртісі Chrich арнайы қонақ ретінде өнер көрсетеді. Ол қазақстандық Bonapart әртісімен бірлескен трек жазуды жоспарлап отыр.
hatikoali жаңа альбомын таныстырады
«Go студиясының» негізгі қатысушыларының бірі – hatikoali. Әртіс «GO!» трегі шыққаннан кейін кеңінен танылды. Композицияның видеосы шамамен 8 миллион қаралым жинап, трек бір тәулік ішінде Қазақстан чарттарының топ-10 тізіміне енген. Кейін әнді актриса Джессика Честейн Instagram желісіндегі видеосында қолданды.
2026 жылы hatikoali ISKRA Qazaqstan плейлистінің бет-бейнесіне айналды.
20–22 тамыз аралығында музыкант студияда өзінің жаңа INDI/GO альбомымен жұмыс істейді. Арбатқа келген қонақтар шығармалардың жасалу барысын бақылап, контент түсіріп, болашақ тректердің релизге дейінгі демоверсияларын тыңдай алады.
Альбомның атауы көк пен күлгін түстердің арасындағы индиго реңкімен байланысты. Әртіс бұл түсті шығармашылықтағы өтпелі кезеңнің метафорасы ретінде сипаттайды.
«Indi/GO – менің жаңа адамға айналғаным туралы хикая емес. Бұл – өзімнің екі нұсқамның арасындағы өтпелі кезең туралы оқиға. GO! трегіне дейін мен бір адам болсам, GO!-дан кейін басқа адамға айналдым. Қазір не сезініп жүргенімді және әрі қарай қай бағытта қозғалатынымды көрсеткім келеді», – дейді hatikoali.
Альбомда қазақы мәдени кодпен үндесетін энергиялық және лирикалық композициялар тоғысады. Музыкант үшін бұл жоба шығармашылық жолындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ.

«Go студиясы» туралы
Жоба музыкалық студияны көпшілікке ашық шығармашылық кеңістікке айналдыруды көздейді. Келушілер тректің алғашқы идеясынан бастап вокал жазу мен жанды орындауға дейінгі музыканы жасау процесін бақылай алады.
«Go студиясы» әртістер мен тыңдармандардың арасындағы байланысты жақындатып, аудиторияға шығармашылық процесті тікелей бақылауға мүмкіндік береді.
Музыкалық қойылымдардың жаңартылған кестесі «Яндекс Музыка» сервисінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Өтетін күндері: 20 тамыз – 20 қыркүйек 2026 жыл
Өтетін орны: Алматы, Арбат
Форматы: көпшілікке арналған музыкалық студия және жанды қойылымдар
Қатысушылар: 37 әртіс
