Айтыскер ақын Айбек Қалиев «Алтын домбыра» иегері атанды, Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды. Астанада «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған жыр додасына 14 ақын қатысты. Жыр бәйгесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Жүрсін Ерман төрағалық етті. «Бас жүлде және «Алтын домбыра» иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер кілті табысталды», — деп хабарлады телеарна. 1-орынды Бексұлтан Орынбасар, 2-орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, 3-орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді. Сонымен қатар ақтық сынға шыққан ақындар арнайы жүлделермен марапатталды.
Автор: qaztimes
Ақтауда спорт маусымының сәтті аяқталуына орай «Каспий» футбол клубының ойыншыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай қатысып, спортшыларды, жаттықтырушыларды және клуб басшылығын құттықтады. Сондай-ақ ол 2025 жылғы үздік жетістіктері үшін марапаттар табыстады. Облыс әкімі өз сөзінде клубтың жетістігі спорт қауымдастығы үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. «2025 жыл «Каспий» футбол клубының тарихындағы ең табысты жылдардың бірі ретінде есте қалары сөзсіз. Бір маусымда сіздер үш ірі жетістікке жеттіңіздер: жас қыздар құрамасының жеңісі, «Каспий-Жастар» командасының сенімді ойыны және ең бастысы – негізгі құрамның 31 жылдық…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады, Ақордаға сілтеме жасап. «Марат Байкуморовты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты», — деді президент. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете беретінін атап өтті. Астанадағы «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында» қазақ күресінен ХV республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Финалда «Найман» лақапатымен белгілі Марат Байкуморов былтырғы чемпион Ерасыл Қажыбаевты жеңді. Жүлделі үшінші орынды Нұрдәулет Жарылғапов иеленді. 1-орынға 15 000 000, 2-орынға 3 300 000, 3-орынға 1 080 000 теңге жүлде табысталды.
«Қазанат» ипподромында демалыс күндері Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтуде, қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасайды. Сауда алаңы жұрттың ыңғайы үшін бірнеше аймаққа бөлінген. Кең павильонда ет, шұжық өнімдері, балық, сүт және кондитерлік өнімдер ұсынылған. «Мұнда нан-тоқаш өнімдері, дегустациялар және ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының стендтері бар. Көшеде көкөніс пен жеміс-жидек сататын сөрелер жұмыс істеп тұр», — деп жазылған хабарламада. Мерекелік көңіл-күйді концерттік бағдарлама күшейтті: халық әндері мен көпшілік сүйетін әуендер орындалуда. Екі өңірдің тауар өндірушілері 800 тоннадан астам өнім әкелген. Жәрмеңкеге шамамен 200-ге жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі мен қайта өңдеу кәсіпорны қатысуда. Сауда…
Павлодар қаласында 9-сынып оқушысы мектептегі мерекелік шара кезінде сынып жетекшісіне қол жұмсады. Бұл оқиға 16 қазанда №11 мектепте күзгі бал барысында орын алды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мұғалім оқушыға ескерту жасаған, артынша жасөспірім оның мойнына жармасып, көпшіліктің көзінше біраз уақыт ұстап тұрған. Жас мұғалім оқиғадан кейін дереу полицияға арыз жазды. Павлодар облыстық полиция департаменті оқушының заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. «Оқиға бойынша полицейлер тексеру жүргізді. Заңды өкілі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сотқа қарауға жіберілді», — деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар тоғызыншы сынып оқушысының тәртібін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі…
Айтыскер ақын Айбек Қалиев «Алтын домбыра» иегері атанды, Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Астанада «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған жыр додасына 14 ақын қатысты. Жыр бәйгесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Жүрсін Ерман төрағалық етті. «Бас жүлде және «Алтын домбыра» иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер кілті табысталды», — деп хабарлады телеарна. 1-орынды Бексұлтан Орынбасар, 2-орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, 3-орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді. Сонымен қатар ақтық сынға шыққан ақындар арнайы жүлделермен марапатталды.
Жетісу облысында жәрмеңкеде 137 тонна жаңа өнім қолжетімді бағамен сатылды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Республика күні қарсаңында өңірдің 8 ауданы мен 2 қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысқан жәрмеңке өтті. Талдықорған қаласында ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев қатысты. «Талдықорған тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өндірушілерінен тікелей қолжетімді бағада балғын әрі сапалы өнімдер сатып алуға мүмкіндік алды», — деп хабарлады әкімдік. Жәрмеңкеде жалпы көлемі шамамен 137 тонна болатын 54 түрлі өнім сатылды. Атап айтқанда, 19,1 тонна көкөніс, 12,1 тонна ет, 3,5 тонна балық, 1,4 тонна сүт өнімдері, 20,4 тонна картоп, 7,7 тонна жеміс-жидек, 4…
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әріптесі Мұқасан Шахзадаевтың сыйлығына ерекше қуанды. Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде видео жариялап, Мұқасанның көзілдірігін ұнатқанын жеткізді. «Түркістанда тойда отырмыз. Мұқасанның көзілдірігіне қызығып отырмын. Төрт түске ауысады екен. Америкадан алыпты. Маған да тапсырыс беретін болды. Күшті. Телефон секілді қуатталады екен», — дейді әнші. Осы кезде тамақтанып отырған Мұқасан Шахзадаев көзілдірікті сыйлық ретінде алып беретінін айтты. «Сізге тапсырыс емес, сыйлық ретінде алдырамын. Бір көзілдірік алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!», — дейді өнер иесі. Видеодан Мақпал Жүнісованың бұл жаңалыққа қатты қуанып қалғанын байқауға болады. Халық әртісі «Мәссаған! Маған сыйлық жасамақшы», — деп, сенер-сенбесін білмей, таң…
Қытайдың Air China әуекомпаниясының ұшағы, Ханчжоудан Инчхонға бағыт алған кезде, Шанхай әуежайына шұғыл қонды. Төтенше жағдай жолаушының қол жүгіндегі литий батареясының өздігінен тұтануы салдарынан болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. «Экипаж белгіленген тәртіп бойынша дереу шара қабылдады, ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшу қауіпсіздігі үшін ұшақ Шанхайдың Пудун әуежайына шұғыл қонды», — делінген компанияның әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемесінде. Компания рейсті жалғастыру үшін басқа ұшақ жіберілгенін атап өтті. Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанға қонған ұшақтың құйрық бөлігі өртенген еді. Өрт ұшаққа электр қуатын беретін жүйеден шыққан. Бұл оқиға жолаушылар түсе бастаған кезде орын алды.
Жетісу облысындағы жәрмеңкеде 137 тонна жаңа өнім қолжетімді бағамен сатылды. Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Республика күні қарсаңында Жетісу өңірінің 8 ауданы мен 2 қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеге қатысты. Облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев қатысты. «Талдықорған тұрғындары мен қала қонақтары жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен тікелей қолжетімді бағада балғын әрі сапалы өнімдерді сатып алуға мүмкіндік алды», — деп хабарлады әкімдік. Жәрмеңкеде жалпы көлемі шамамен 137 тонна болатын 54 түрлі өнім ұсынылды. Атап айтқанда, 19,1 тонна көкөніс, 12,1 тонна ет, 3,5 тонна балық, 1,4 тонна сүт өнімдері, 20,4 тонна картоп, 7,7…