Автор: qaztimes

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде жоғалған үш телефонды иесіне тауып берді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Сарыарқа ауданында жауынгерлік кезекшілік атқару кезінде сағат 23:15 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы Сұлтан Қуатов және патрульші сарбаздар Саят Дүйсенали мен Бекзат Сүйінтаев Ы.Дүкенұлы көшесіндегі №20 үйдің жанынан телефон тауып алған. «Ұландықтар телефон иесін жылдам анықтап, кездесу орнын белгілеп, иесіне құрылғыны қайтарып берді. Тұрғын әскери қызметшілерге көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді», — деп жазылған хабарламада. Сол күні Нұра ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери жасақ бастығы Шыңғысхан Тыныштық пен…

Read More

Қостанайда полицейлер көлік ұрлаған адамды бір сағат ішінде ұстады, облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 26 қазан күні түнде Рудный қаласының тұрғыны полицияның кезекші бөліміне хабарласып, аулада тұрған ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін белгісіз адамның мініп кеткенін айтты. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен жақын маңдағы патрульдік полиция жасағы дереу шықты. Тексеру барысында полицейлер көліктің қозғалыс бағытын анықтап, ақпаратты Жедел басқару орталығына жеткізді. «Дер кезінде алмасқан мәліметтер мен бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау нәтижесінде ұрланған көліктің «Рудный – Қостанай» автожолы бағытымен кетіп бара жатқаны белгілі болды», — деп жазылған хабарламада. Жедел әрекеттердің арқасында полицейлер көлікті Қостанай қаласында Абай және Лермонтов көшелерінің қиылысында тоқтатты. Автокөлік…

Read More

Француз полициясы 19 қазанда Лувр музейін тонады деген күдікке ілінген екі адамды ұстады. Тергеушілер олар 88 миллион еуроға бағаланған зергерлік бұйымдарды ұрлаған төрт адамнан тұратын қылмыстық топтың құрамында болған деп есептейді, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасай отырып. Бірінші күдікті Алжирге ұшпақ болған кезде Руасси әуежайында тұтқындалды. Екіншісін Париж сот полициясының қызметкерлері Сен-Сен-Дени департаментінде ұстады. Операцияны Франция Ішкі істер министрлігінің бандитизмге қарсы бригадасы (BRB) жүргізді. Екі адамның да бұрын тонау істерімен аты шыққан. Оларға «ұйымдасқан ұрлық» және «қылмыстық келісім» бойынша айып тағылды. Заңға сәйкес, олар 96 сағатқа дейін қамауда ұсталуы мүмкін. Қылмыстың мән-жайы Қылмыс Луврдың ең танымал залдарының бірі – Аполлон…

Read More

Алматы тауларында туристің денсаулығы нашарлап, дәрігерлердің көмегі қажет болды, ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданында 1989 жылы туған ер кісі әйелі және баласымен бірге Көкжайлау шатқалына көтеріліп, түсіп бара жатқан кезде өзін нашар сезінуіне байланысты 112 қызметінің  көмегіне жүгінген», — деп жазылған хабарламада. Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері туристті зембілмен төмен түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады. ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып, маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салды. Еске сала кетейік, Жамбыл облысының тауларында 2000 жылы туған жас жігіт адасып кеткен болатын. Оқиға орнына жедел арнайы техникамен ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есеп…

Read More

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Батыс Ніл безгегінен бір адам қайтыс болды, 24.kz-ке сілтеме жасап. Жыл басынан бері 14 тұрғын вирус жұқтырған. Мамандар індеттің өршуін жауын-шашынның аз болуымен және су қоймаларына шоғырланатын инфекция таратушы масалардың белсенділігімен байланыстырады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Батыс Ніл вирусын жыл сайын 2000 америкалық жұқтырады. Аурудың жеңіл түрінде дене қызуының көтерілуі, бұлшық еттің және бастың ауыруы, сүйектің сырқырауы, жүрек айну, бөртпе шығу және іш өту сияқты белгілер байқалады. Еске сала кетейік, қыркүйекте Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова метапневмовирус қорқынышты ауру емес екенін мәлімдеген болатын. «Ол ЖРВИ және тұмау сияқты суық тиіп сырқаттануға байланысты вирустардың…

Read More

Республика күні мерекесі аясында Шымкентте «Батпырауықтар фестивалі» өтті, қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаланың орталық саябақтарында өткен шарада түрлі пішіндегі және түстердегі батпырауықтар аспанмен тілдесіп, тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Балалар мен ата-аналар бірге батпырауық ұшырып, ұмытылмас сәттерге куә болды. «Фестиваль аясында батпырауық ұшыру жарыстары, балаларға арналған шеберлік сабақтары, сабын көпіршіктер шоуы мен анимациялық қойылымдар ұйымдастырылды», — деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ диджейлер мен бишілердің қатысуымен өткен концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті. Велоәуесқойлар жарысы мен көше биі сайыстары өткізіліп, мото-маусымның салтанатты жабылуы күннің көркін аша түсті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаров фестивальдің маңыздылығына тоқталды. «Бұл шараның басты…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап. Тоқаев Кэтрин Конноллидің басшылығымен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенім білдірді. «Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.  

Read More

Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының ешқандай мемлекеттік марапат алмағанына қынжылыс білдірді. «Идеология, стратегия, нәтиже! Осы үш бағыт арқылы домбыраны ешкім істей алмаған ұлттық насихат құралына айналдыра білген — «Ұлытау» тобы! Жеті жыл бұрын — Домбыра күні, үш жыл бұрын — Ұлытау облысының құрылуына да олардың септігі тиген. Әлемге атойлап, нағыз қаһармандық көрсеткен — Ұлытау! «Адай» күйін Құрманғазыдан, симфонияны Моцарттан алып, екеуін қатар қоя білген Ұлытау тобының не еңбегі сіңген жоқ, не бір жапырақ қағаз алған жоқ», — деп ашуланды өнерпаз. Ол «Ұлытау» тобының мүшелері Ингушетияның халық әртісі атағын 15 жыл бұрын алып қойғанын еске салды. «Неге Қазақстан емес?…

Read More

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында биіктікке секіруден қыздар арасында үздіктер анықталды, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандық жеңіл атлеттер екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. «Ольга Изюмникова мен Милена Мерц қола медаль иегерлері атанды. Екі спортшы да ең үздік секіруінде 1.65 метр нәтижесін көрсетті», — деп жазылған хабарламада. Алтын медальді Кувейт спортшысы Ясмин Рой жеңіп алды — 1.73 метр. Тайбэйлік Чао-Тин Чен 1.69 метр нәтижемен екінші орынға табан тіреді. Еске сала кетейік, бұған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлде жеңіп алды. Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.…

Read More

Әнші Әли Оқапов «КЕШREC» бағдарламасында інісі Мәди Оқаповтан не үшін жиі кешірім сұрайтынын айтып берді. «Мәдиден жиі кешірім сұрап жүремін. Өйткені кішкентай кезінде үлкендік жасағаным есіме түсе береді. «Тым артық кеткен кездерің көп болды» деп өзі де айтқан. Бірақ кешіріп, бәрін түсінген сияқты. Дәл қазір жақын араласамыз. Енді менің кезегім келді, Зейіннен өшімді аламын деп әзілдейді. Мен ағасы ретінде қалай тәрбиелесең де өзің білесің деп бірден айттым. Оған араласпаймын дедім. Бірақ біздің отбасымыздағы ең жұмсақ адам Мәди ғой. Жүрегі кең. Ешқашан біреуге ренжігенін, біреуге қаталдық танытқанын көрмедім. Барлығын кешіреді, барлығына көмектесіп жүреді», — деді өнер иесі. Еске сала кетейік, бұған…

Read More