Өскемен қаласының іргесіндегі саяжайдан әйел адамның мәйіті табылды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оның кім екендігі анықталып жатыр. Марқұмды өлтірген күдіктінің кім екендігі әзірге белгісіз. «Әйел адамның денесінен көзге көрінетін жарақаттар байқалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Автор: qaztimes
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, АӨК, өңдеу өнеркәсібін және туризмді дамыту, экономикаға қосатын үлесін арттыру үшін ШОБ-ты қолдау шаралары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Өңірде Үкімет басшысына Алакөл ауданы Үшарал қаласының әуежайында реконструкциялау нәтижесінде ірі әуе кемелерін қабылдай бастаған ұшу-қону жолағының жұмысы туралы баяндалды. Нысан туристік ағынның өсуін ескере отырып, туризмді дамыту үшін ерекше маңызға ие. Бүгінде Астана, Алматы, Талдықорған қалаларына рейстер орындалады. Биыл әуе рейстерін субсидиялауға 653 млн теңге бөлінді, бұл құны 8-18 мың теңге болатын 20 мыңға жуық билетті сатуға мүмкіндік берді. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Президенттің биылғы маусым…
Атырауда балабақшаға барғанына 3 күн болған 3 жасар қыздың денесі көгеріп келген. Анасының айтуынша, қызының Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан «Жанбота» бөбекжай балабақшасына барғанына 3 күн болған. «13 тамызда түскі мезгілде қызымның маңдайы көгергенін, ауызы іскенін көрдім. Күтушісі «секіріп ойнап жүріп, құлап қалды. Тәрбиеші шығып кетіп еді» дейді. Тобында 35 бала бар. Айтатын нәрсе көп, бірақ, қызыма қатысты жайтты баяндаймын. Тәрбиешісі өз қызымен алысып жүреді», — деп жазды анасы әлеуметтік желіге. Оның дерегіне қарағанда, балабақшадағы жайтты 17 тамыз күні камерадан көрген. Камераға балабақша қызметкерінің кішкентай қызды итеріп жібергені түсіп қалған. «Қызымды сабағаны туралы тәрбиешісіне айтып, күтушісінің телефон нөмірін сұрадым.…
FlyArystan әуе компаниясы «Алматы-Астана» әуе рейсінің кешігуіне қатысты ақпарат берді, бірақ ұшудың не үшін кешіккені айтылмаған. «2024 жылғы 19 тамызда FlyArystan Кс7053 Алматы – Астана рейсінің ұшуы сағат 09:05-тен 09:25-ке дейін кешіктірілді. Жолаушыларға рейстің сағат 09:25-тен 10:55-ке ауысқаны туралы ескерту хабарлама жүйедегі қысқа мерзімді техникалық ақауға байланысты болды. FlyArystan қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», — делінген аталған әуе компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сондай-ақ, ақпаратта рейске кешіккен жолаушыларға ақшасын қайтаруға немесе келесі рейстерге брон жасауға болатындығы айтылған. «Кешіккен жолаушыларға 50 мың теңге сомасында өтемақы беріледі. Қазір байланыс орталығының агенттері жолаушылармен хабарласып жатыр», — деп түсіндірді FlyArystan әуе компаниясынан.
Қырғызстанның Ыстықкөл облысының кейбір аудандарында нөсер жауын салдарынан сел жүріп, бірқатар жолды су басты. Кырғыз Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, жергілікті билік органдары, ТЖМ және жол қызметтері қатты нөсер жауған Жетіқұз, Ақ-Суй, Ыстықкөл, Тонск аудандарындағы автокөліктердің жүруіне шектеулер енгізді. Томск ауданында су өткізгіш құбырларды су шайып кетті. Бірқатар жол уақытша жабылды: Григорьевка – Григорьевка – Қашқа-Суу шатқалына апаратын жол (0-16 км); Бөкөнбаев – Көл-Төр – Дөң-Талаа, Көл-Төр – Қоңыр-Олон учаскесі (42-43 км); Тоғыз-Бұлақ ауылына апаратын жол; Ақ-Сай — Көк-Сай және Ақ-Терек — Дөң-Талаа жолдары; Балықшы – Бөкөнбаева – Қаракөл жолының учаскесі (60-70 км, Кескен-Бел учаскесі); Осы жолдың 58-ші шақырымында Қызыл-Туу ауылындағы…
Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Бұл туралы Африка мемлекеттеріне арналған экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Клавер Гатете айтты, деп хабарлайды реселік ТАСС агенттігі. Атқарушы хатшының сөзінше, Афиканың қарызының көбеюі ұзақмерзімді жеңілдікті қаржыландыру мен тікелей шетелдік инвестициялар және дамыту үшін бөлінетін ресми көмек көлемінің қысқаруымен байланысты болып отыр. Ол сонымен қатар кейінгі кездегі климаттың өзгеруі Африкаға қиын соғып жатқанын, жыл сайын құрлықтың біріккен шығындарының көлемі 5% дейін ұлғайып отырғанын атап өтті. «Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Құрлықта орналасқан мемлекеттік қарызы көп әрбір үшінші мемлекет айтарлықтай қаржылай қиындықтарға тап болып отыр»,-деді ол. БҰҰ мәліметінше, қазіргі таңда әсіресе Зимбабве, Гана…
«Қара бүркіт» колониясында өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, яғни жеке адамға, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейтіні белгілі. Бұл ретте, осы түрмеде отырғандар мен ондағы ерекше тәртіпке қатысты материалды көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік. «Қара бүркіт» атауымен елге белгілі түрменің ресми атауы – ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай облысы бойынша ҚАЖД «№39 мекеме». Колония Жітіқара қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Ол 1961 жылы жалпы режимдегі түзеу-еңбек колониясы ретінде ашылды. Ол кезде колония аумағында бірнеше кәсіпорын жұмыс істеді, оның ішінде техникаға арналған бөлшектер жасалатын радиоцех болды. Кейіннен ол ерекше режим тәртібіне ауыстырылып, 2004 жылы мекеме өмір бойына…
Ресейдің Камчаткасында Шивелуча жанартауының атқылай бастауына байланысты авиация кодының «қызыл» деңгейі жарияланды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының қиыр шығыстағы бөлімінің Telegram каналынан мәлім болды, деп жазады ресейлік ТАСС. Шивелуча жанартауы Камчаткада 18 тамыз күні Каран және Ресей ғылым академиясына 300 жыл мұнараларында атқылады. Жанартаудан шашыраған күл алдын ала мәлімет бойынша теңіз деңгейінен 8 км биіктікке көтерілген. «Жанартаудың күлі шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 492 км қашықтыққа тарады. Қызыл түсті авиация коды жарияланды. Яғни, вулкан жергілікті және халықаралық әуе тасымалдары үшін қауіпті»,-делінген хабарламада. Шивелуч жанартауының белсенділік таныта бастағанынан 60-70 жыл болған.
Астана қаласында 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәдени шараларына Батыс Қазақстан облысынан 100-ге жуық адам қатысады. БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиевтің Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, елордадағы этноауыл аумағында өңірден үш киіз үй тігіліп, облыс музейлерінің көрмелері жасақталады. Қуанышбек Жанболатұлының сөзіне қарағанда, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртістері көрермен назарына ұлттық салт-дәстүрден көріністер ұсынады. «Этноауыл аумағында орналасатын шеберлер ауылында облыстан 10 қолөнер шебері өз жұмыстарын көрсетеді. Сондай-ақ 11 қыркүйек күні 50-ге жуық өнерпаз этнофольклорлық жанрындағы концерттік бағдарламасын қояды. Қазіргі уақытта осы шараларға әзірлік жүргізілуде», — деді Қ.Мұханғалиев. Басқарма басшысының айтуынша, алдағы уақытта…
Дәретханадан табылған 5 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тың мәліметті жариялады. Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. «Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция ақиқатты анықтауға және заңды шешім қабылдауға бар күшін салады», — делінген Түркістан облысының полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Айта кетейік, бұдан бұрын Сарыағаш ауданында 5 жасар қыздың денесі дәретханадан табылған болатын.