Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы мен кәсіпкер арасындағы ақша дауы адам өліміне әкелді. Қайғылы оқиға 31 қазанда кешке Тимирязев ауданы, Докучаево ауылында болды. WhatsApp желісіндегі тараған мәліметте 22 жастағы Вадим Орлов мас күйде «БурБат» ЖШС басшысы Азамат Батановтың үйіне барғаны айтылған. «Жігіт істеген жұмысы үшін ақшасын талап еткен. Бірақ фермер далаға ақша емес, мылтық алып шығады. Шақырусыз келген қонақты қорқытпақ болса керек. Көкке қарата бір рет атады. Сол кезде мас жігіт қаруды тартып алып, Азамат Батановтың басынан және ішінен атқан. 52 жастағы кәсіпкер сол жерде көз жұмады», — деп жазды портал. Серіктестік директорының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.…
Автор: qaztimes
Ұлытау облысында жоғалған ер адам табылып, Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемесімен қауіпсіз жерге тасымалданды, ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1977 жылы туған ер адам мотоциклмен жылқы жаюға кетіп, үйіне оралмаған соң, туыстары дабыл қаққан. «Хабар түскеннен кейін бірден құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу барысында жоғары өтімді техника мен ұшақсыз ұшу аппараттары қолданылды», — деп жазылған хабарламада. Қызылжар ауылынан 105 шақырым солтүстік бағытта жергілікті тұрғындар ер адамды тапты. Оған көмек көрсетіп, тасымалдау үшін ТЖМ тікұшағы, «Апат медицинасы орталығының» дәрігерлері мен құтқарушылары оқиға орнына аттанды. Зардап шеккен адам шалғайдағы дала аймағынан тасымалданып, Жезқазған қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Еске сала…
Әнші Тоқтар Серіков Жетінші арнадағы «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында досы Мейрамбек Бесбаевпен неліктен құда болғысы келмейтінін айтты. «Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Ертеңгі күні менің ұлым мен оның қызы көңіл жарастырып, құда боламыз деп жатса, мен күйзеліске түсіп қалуым мүмкін. Себебі Мейрамбегімді ешқандай жамандыққа қимаймын, жан дүниемнің жартысы секілді болып кеткен. Ол маған туыс болып кету керек сияқты. Оның баласына өз баламдай қараймын», — дейді өнер иесі. Ол әнші Сәкен Майғазиев те балалық шақтан бірге келе жатқан досы екенін атап өтті. «Ертең біздің балаларымыздың арасында сондай сезім пайда болса, әрине, қуаныштымыз, бірақ мүмкін емес нәрсе секілді, ондай…
Продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовты қатты сағынатынын айтты. «Бір күні Тұрсынбектен СМС келді, «сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?» деп жазыпты. Көңілдесі бар екен, пәтер, көлік алып берген. Қымбат тон, бриллиант – қазір бәрі соның үстінде. Маған өте ауыр. Өлемін деп, секіріп кетуге дайын болдым. Екеуі шетелге де барып келген», — дейді Мөлдір Мұқанова. Айтуынша, бұл тақырыптың басталғанына 14 жыл болған. «Арамызда ештеңе қалған жоқ. Қазір балалар көп жылайды, сағынады. Фотоға түсіп, әкеме жібер деп жатады. Әкесіне фото қызық емес. Фото жібере алмаймыз, себебі бәріміз блоктамыз. Тұрсынбекпен өткізген әдемі сәттерді сағынамын. Кездесейік деп…
Қазақстанда «Мотиватор» деген лақап атпен танымал әуесқой жекпе-жек шебері Әнуарбек Бекембетов 15 тәулікке қамауға алынды, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желіні бақылау кезінде полиция реалити-жоба мен әуесқой жекпе-жек шебері агрессия мен физикалық қысым көрсетіп, балағат сөздер айтып, өзіне «күшті әрі батыл» бейне жасағаны жайлы видеоны анықтаған. Құқық бұзушы жедел түрде анықталып, полицияға жеткізілді. «Ұсталғаннан кейін ол роликтің қойылым екенін және қаралым мен лайк жинау үшін түсірілгенін мәлімдеді. Желіде «күшті» болып көрінген іс-әрекеттің барлығы тек жұрт назарын аударуға бағытталғаны белгілі болды», — деп жазылған хабарламада. Авторға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға…
Астанада оқушылар арасында өткен «Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Бас жүлдеге арнайы дайындалған «Қола домбыраны» Жамбыл облысынан келген жас талант Інжу Жаңабай жеңіп алды. Бірінші орын Қостанай облысының тумасы Нұрислам Рагатқа бұйырды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйлықтар табысталды. Жоба жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы айтыстың ерекшелігін түсіндірді. «Бүгінгі айтыс оқушылар арасында өткен сайыс. «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» құрылтай жиынында айтысты үш деңгейде өткізуді ұйғарғанбыз: жоғары деңгей – Алтын домбыра, орта деңгей – Күміс домбыра, төменгі деңгей – Қола домбыра,…
Қостанай облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы такси қызметінің атын жамылып, жезөкшелікпен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу барысында қыздардың қаладағы бірнеше саунада интимдік қызмет көрсеткені анықталды. Бұл тізімде 12 сауна бар. Полиция сауналардың әкімшілері мен ақылы интимдік қызмет көрсеткен тұлғаларды анықтады. «Қылмыстық топ ауыл-аймақтардан шыққан, әлеуметтік тұрғыдан осал және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жас қыздарды алдап, қорқыту және күш қолдану арқылы жезөкшелікке тартқан. Оларды жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстап отырған», — деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар күдікті ұсталып, басқа…
Астанада 2025 жылы жолаушылар ағынының артуына байланысты 13 жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Қаладағы жолаушылар саны 1,1 миллион адамға жетті Әкімнің айтуынша, қала халқының көбеюі мен көлік инфрақұрылымының дамуына байланысты жаңа бағыттар қажеттілікке айналған. «Келесі жылы жолаушылар ағынының өсуіне және қаланың кеңеюіне орай 13 жаңа автобус бағытын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Bus Line жүйесін кезең-кезеңімен енгізіп келеміз. Бұл арнайы автобус жолақтары жолдағы қозғалыс уақытын 25–30% қысқартады», – деді Жеңіс Қасымбек. Қазір Астанада 30 учаскеде жалпы ұзындығы 134 шақырымды құрайтын арнайы автобус жолағы бар. 2025 жылы бұл бағыттардың саны…
1 қараша сенбі күні, Астанада көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың есімі берілген аллеяда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен елордалық жоғары оқу орындарында оқитын маңғыстаулық студенттердің қатысуымен экологиялық сенбілік өтті. Акция аясында қатысушылар аллея аумағын тазалап, жапырақтарды жинап, жас көшеттер отырғызды. Шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қоғамдық орындарды абаттандыру мен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды. Облыс әкімі мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, тазалық пен табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген басым бағыттардың бірі екенін айтты. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық жауапкершілікті күшейту мен елдің көркейуіне әр азаматтың үлесін қосуы керектігін үнемі…
Қазақстанда цифрлық азық-түлік ваучерлерін тарату пилоттық жобасы кеңейтіледі, Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. Жоба жаңа өңірлерде іске қосылады Министрлік ұсынған құжатқа сәйкес, Ақмола облысының Ақкөл қаласына қоса Көкшетау мен Павлодар қалалары пилоттық жобаның қатысушыларына қосылады. Бұл шешім әлеуметтік көмек алушыларды кеңінен қамтуға және цифрлық ваучер тетігінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. «Жоба географиясын кеңейту оның екінші кезеңін толық аяқтауға және әрі қарай басқа өңірлерге енгізуге дайындық жасауға бағытталған», – делінген министрлік түсіндірмесінде. Цифрлық ваучердің мақсаты мен тиімділігі Пилоттық жоба аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету процесін жеңілдетуді көздейді. Цифрлық ваучерлер арқылы көмек алушыларға азық-түлікті нақты дүкендерден онлайн жүйе…