Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты Қазақстанда үш қосымша пойыз іске қосылады. Олар Алматы – Астана, Астана – Шымкент және Ақтөбе – Астана бағыттары бойынша қатынайды, деп жазады SteppeNews.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ қысқы мерекелер кезеңінде сұранысы жоғары бағыттар бойынша қосымша пойыздар тағайындайды. Бұл жолаушылар тасымалының көлемін арттырып, мереке күндері теміржол қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосымша пойыздардың жүру кестесі төмендегідей:
- №201/202 «Алматы-2 – Астана-1» пойызы:
-
Алматы-2 станциясынан 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара қатынайды;
Астана-1 станциясынан 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.
№204/203 «Нұрлы жол – Шымкент» пойызы:
- Нұрлы жол станциясынан 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара қатынайды;
Шымкент станциясынан 2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.
№205/206 «Ақтөбе – Астана-1» пойызы:
- Ақтөбе станциясынан 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара қатынайды;
Астана-1 станциясынан 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

Қосымша пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады.
Билеттерді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының [ресми сайты](https://bilet.railways.kz/) арқылы сатып алуға болады. Тасымалдаушы мереке күндері билетке сұраныс артатынын ескеріп, жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.
Келесі материал: Моңғолия төрт ай бойы президентсіз қалуы мүмкін
