Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Ұлттық кино өнері сарайында Қазақстан киносының күндері ұйымдастырылды деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Көрермендер назарына «Қайтадан», «Ерекше», «Моя большая казахская семья», «Жабайы», «Алтын адам» және «Әміре» фильмдері ұсынылды.

Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің, «Қазақфильм» киностудиясының, Kinopark Theatres, Tiger Films және Dala Edge компанияларының өкілдері, сондай-ақ екі елдің кино саласының мамандары қатысты.
Спорт пен адам ерік-жігерін арқау еткен «Ерекше» фильмінің көрсетіліміне Өзбекстанның бочча командасының мүшелері мен Ташкенттегі спорт мектебінің оқушылары келді.
Шара аясында Қазақстан мен Өзбекстан кинематографистері ұлттық киноны дамыту және бірлескен фильм жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Қазақстан киносының күндері екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, шығармашылық тәжірибе алмасуға және отандық кино туындыларын шетелдік көрермендерге таныстыруға бағытталды.
Келесі материал: Қытайдың АТЭС аясындағы рөлі: аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
