6 қарашада Қазақ ұлттық спорт университетінде (KNUS) «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қатысуымен «Туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру мен кадрлар даярлау: халықаралық тәжірибе және Қазақстанның мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық кездесу өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, Швейцарияның білім беру мекемелерінің, қазақстандық жоғары оқу орындары мен туристік бизнес өкілдері қатысты.

Қатысушылар мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесімен алмасып, дуальды білім беруді, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту және білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. B2B-сессия аясында қатысушылар туризм саласына кадр даярлау бағытындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Келесі материал: Мобильді аударымдар бойынша шекті сома ұлғайды. Енді төлемді жеке картаға қабылдауға бола ма?
