HUAWEI компаниясы Қазақстан нарығына nova 16s смартфондарының жаңа сериясын шығаруға дайындалып жатыр. Компания жаңа құрылғылар туралы ақпаратты кезең-кезеңімен жариялап, олардың жаңартылған дизайны, 50 Мп камералары, перископты телеобъективі және 7000 мА·сағ аккумуляторы туралы негізгі мәліметтерді таныстырды.
nova сериясы HUAWEI смартфондарының дизайны мен мобильді фотосуретке басымдық беретін желілерінің бірі саналады. Жаңа серияда компания осы бағыттарды жалғастырып, құрылғылардың сыртқы дизайны мен камера жүйесін жаңартқан.
HUAWEI nova 16s сериясында 50 Мп камералар қолданылады. Модельге байланысты камера жүйесінде перископты конструкциясы бар телеобъектив болуы мүмкін. Ол алыстағы нысандарды үлкейтіп түсіруге мүмкіндік береді.

Жаңа серияның тағы бір ерекшелігі – сыйымдылығы 7000 мА·сағ аккумулятор. Смартфондар 100 Вт-қа дейінгі HUAWEI SuperCharge жылдам зарядтау технологиясын қолдайды.
Компания сонымен қатар сыйымдылығы жоғары аккумуляторға қарамастан, құрылғылардың жұқа корпусын сақтауға мән берген.
Қазіргі уақытта HUAWEI nova 16s сериясының барлық техникалық сипаттамаларын толық жариялаған жоқ. Қазақстан нарығына шығатын нақты модельдер, олардың түстері, бағасы және сатылымның басталу күні кейінірек белгілі болады.
HUAWEI nova 16s сериясының Қазақстан нарығына шығуы қарсаңында құрылғылар туралы қосымша ақпарат жарияланады.
Келесі материал: Моңғолияда итальян өнерінің көрмесі ашылды
