• kk
  • ru
  • Бішкекте Орталық Азиядағы ең биік айналмалы дөңгелек пайда болады

    👁 22

    Бішкекте «Асман Парк» отбасылық-сауықтыру орталығын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңартылған кешеннің басты нысаны биіктігі 92 метрден асатын айналмалы дөңгелек болады. Ол Орталық Азиядағы осы типтегі ең биік аттракцион атанбақ. Бұл туралы SteppeNews.kz  akchabar.kg ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

    Қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен Бішкек қаласының мэрі Айбек Джунушалиев танысты.

    Жоба аясында саябақ аумағын абаттандыру, көгалдандыру, заманауи демалыс орындарын, серуендеу жолдары мен ойын-сауық алаңдарын жасау жоспарланған. Сонымен қатар жасыл аймақтарды сақтау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

    Қазіргі уақытта саябақ аумағына 500-ден астам жас ағаш пен сәндік өсімдік отырғызылды. Алдағы уақытта тағы шамамен 500 көшет егу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, топырақ төсеу, көгал егу, асфальттау және аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

    Жұмыстардың жалпы көлемінің 90 пайыздан астамы орындалған.

    Жаңартылған «Асман Парктің» басты символы биіктігі 92 метрден асатын «БИШКЕК ЖЫЛДЫЗЫ» айналмалы дөңгелегі болады. Аттракционның ең биік нүктесінен келушілер Бішкек қаласы мен таулардың панорамалық көрінісін тамашалай алады.

    Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін кешен аумағында заманауи демалыс орындары, серуендеуге арналған инфрақұрылым, ойын-сауық алаңдары және футуристік дизайн элементтері пайда болады.

    Бішкек мэрі барлық жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастырудың маңызын атап өтті.