27 шілдеде Алматы халықаралық әуежайының ішкі терминалының ұшу аймағында Brewmark мейрамханасы пайдалануға берілді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа кеңістік жолаушыларға рейс алдында жайлы жағдайда демалып, тағамдар мен сусындардан дәм татуға мүмкіндік береді. Мейрамхананың аумағы 184 шаршы метрді құрайды және 54 адамға арналған. Сондай-ақ мұнда тапсырысты жылдам рәсімдеуге мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы қарастырылған.
Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға қолайлы әрі заманауи қызмет көрсету ортасын қалыптастыру мақсатында инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғыртып, сервистік қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді.
