2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тосынсыйларға толы болып жатыр. Солардың ішіндегі ең есте қаларлық оқиғалардың бірі – Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возиньяның керемет өнері болды.
Испания құрамасына қарсы өткен матчта 40 жастағы тәжірибелі қақпашы өзінің кәсіби шеберлігін паш етті. Ол матч бойы қарсыластың қауіпті шабуылдарына тосқауыл қойып, командасына 0:0 есебімен сенсациялық тең нәтижеге қол жеткізуге көмектесті. Осы ойыннан кейін Возинья кездесудің «Үздік ойыншысы» деп танылды.
Жанкүйерлер арасында бұрыннан «Бабушка» деген лақап атпен танымал болған қақпашы, матчтан кейін лезде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Ойынға дейін оның желідегі оқырмандар саны 50 мың болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 9,4 миллионға дейін өсті.
Айта кетерлігі, 40 жастағы қақпашы үшін бұл – карьерасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Ол өзінің дебюттік турнирін осылайша жанкүйерлердің жүрегін жаулап, чемпионаттың ең талқыланған оқиғаларының біріне айналдырды.
