Қостанай облысы Тобыл өзеніндегі іздестіру жұмыстары аяқталды. Суға шомылу кезінде жоғалып кеткен қарт кісі мен оның алты жасар немересінің мәйіттері табылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 14 маусымда Алтын дала ауылының маңында, шомылуға тыйым салынған жерде болған. 2020 жылы туған бала су ағысына түсіп кетіп, оны құтқармақ болған 1967 жылғы атасы да суға батып кеткен.
16 маусымда құтқарушылар баланың денесін оқиға орнынан 1,5 шақырым, ал ер адамның денесін 5 шақырым төмен жерден тапты. Іздестіруге ТЖД, полиция, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты.
